ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

Ақмола облысы Қазақстанның даму банкі жүзеге асырған жобалар саны жағынан өңірлер арасында көш бастап тұр. 

Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға мамандандырылған ұлттық даму институты болып саналатын «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ы 2023 жылдың тексерілген жылдық есебін жариялады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы экономиканың шикізаттық емес секторын тұрақты дамыту және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру есебінен ұлттық әл-ауқатты жақсарту мақсатында 2001 жылы Үкімет қаулысына сәйкес құрылған болатын. Оның өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Егер банк тарихына көз жүгіртер болсақ, ол құрылған сәттен бстап 137 инвестициялық жоба іске қосылып, 33 990 жұмыс орны құрылған екен. Бүгінгі таңда Ақмола облысы Қазақстанның даму банкі жүзеге асырған жобалар саны (16) жағынан өңірлер арасында ең алдыңғы орында тұр. Ақмола өңірінде Қазақстанның даму банкі соңғы жеті жылда агроөнеркәсіптік кешендегі, тау-кен металлургия саласындағы және экспорттық бағыттағы бірнеше маңызды жобаларды қолдады. Өңір инвестициялық белсенділік пен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бойынша көшбасшылардың бестігіне кіріп, 2023 жылдың қорытындысына сай өңірлік қоржында елеулі үлеске ие болды. Аймақтағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – бройлер өсіретін құс фабрикасын салу. «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобасы 1970 жұмыс орнын құрды және «Кус&Вкус» брендімен салқындатылған құс етін шығарады. Бұл маңызды кәсіпорын аймақтағы ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп, жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, құс етінің импортын алмастырады. Өңірдегі екінші маңызды жоба – құрамында алтыны бар бастапқы кенді қайта өңдеу кешенін салу мен пайдалануды қамтитын «RG Gold» ЖШС.

Өндірістік қуаты – жылына 5 миллион тонна кен болатын бұл кәсіпорын 1 130 жұмыс орнын құрды және Қазақстанның тау-кен өндіру саласына маңызды үлес қосты. Қазақстанның даму банкі экспорт алдындағы операциялар аясында тағам өнеркәсібінде жұмыс істейтін, өсімдік майларын өндіруге маманданған «Бота– 2015» ЖШС-ін де қолдады. Бұл қуаты тәулігіне 600 тонна соя, күнбағыс, рапс өңдейтін ірі зауыт. Май алу процесі толығымен автоматтандырылған, оны 68 адам қамтамасыз етеді. Зауыт өнімі Қазақстанның ішкі нарығына және экспортқа жіберіледі. Банк қоржынында құрылыс материалдарын өндіру саласында, ҚДБ экспорт алдындағы операциялар қоржынында базальт жыныстары негізінде жылу оқшаулағыш материалдарын өндіруге маманданған «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС жобасы да бар. Зауытта 170 адам жұмыс істейді. Қазақстанның даму банкінің PwCкомпаниясының тексеруінен өткен 2023 жылдың есебіне қарағанда, былтыр ҚДБ тобы 1 061 млрд теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, банк жалпы сомасы 748 млрд теңгеге 42 жобаны қаржыландырды. Жалпы қаржыландыру сомасы 1,2 трлн теңгені құрайтын 43 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 3 жоба пайдалануға берілді. Соның бірі – біз жоғарыда атап өткен Ақмола облысындағы құс фабрикасының қуатын кеңейту жобасы болды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...

Обеспечение безопасности туристов 

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ОЗЕРА АЛАКОЛЬ С УЧАСТИЕМ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ...