Интернет алаяқтардан абай болыңыз!

Уақыт көші алға жылжыған сайын интернет алаяқтардың да қатары көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Ғаламтор мүмкіндігін, адамдардың сенгіштігін, аңқаулығын пайдаланатындар бүгінгі таңда түрлі айла-шарғы істеп жүр. Бұл ғаламдық проблемаға айнала бастады.
Сондықтан алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Көп жағдайда алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастыруды «озық тәжірибеге» айналдырған. Олар көпшілікті қызықтыратын жалған аккаунт пен арнайы беттер ашып, сайттарды жасап алады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облысымызда ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлеріне – өздерін пайызы төмен кредит беретін банк қызметкері ретінде таныстырып, адамдардың жеке деректерін иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу, интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ, өзгелердің пәтерлерін жалға беру арқылы жасалатын қылмыстарды жатқызуға болады.
Компьютері, планшеті, смартфоны бар жасөспірім де, зейнеткер де бүгінгі таңда алаяқтардың құрбанына айналуда. Заманның қиындығын, тұрмыстың ауырлығын тілге тиек етіп, адамдарды алдау, арбау арқылы оңай олжаға қызықтырудың ең көп таралған жері – айырбас, пәтерлерді жалға беру, сауда-саттық айналасы.
Көпшілік жиі пайдаланатын Insta­gram әлеуметтік желісінде кімнің түпкі мақсаты қандай екендігін нақты анықтау өте қиын. Соңғы кездері интернет алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз біздің компания ұйымдастырған ұтыста жеңімпаз атанды» деп қоңырау соғуы немесе SМS-хабарламалар жіберуі де жиілеп кеткен үрдіс. Олар ұтысты басқа жерден алдыруды ия болмаса, «ұтқан» тауардың құнын пластикалық картаға аударуды ұсынады.
Интернет алаяқтардың іс-әрекеті көп жағдайда трансшекаралық сипатқа ие. Олар бір немесе бірнеше қылмыс­тық әрекетті бірнеше қалада, кейде тіпті басқа мемлекетте жүзеге асыруы мүмкін. Ондай қылмыстарды ашуға бірталай уақыт, адам ресурстары қажет. Басқа елде жүрген жәбірленушінің не күдіктінің деректері мен мекенжайын анықтау үшін шет мемлекеттегі құқық қорғау органдарына сұрау салу мен тапсырмалар жіберу де белгіленген заң аясында жүргізілуі керек.
Интернет алаяқтық қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша жылдан жылға артып барады.
Сөз соңында айтарымыз алаяқтардың құрбанына айналмауымыз үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын – сенімсіз сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеуге, күмәнді адресаттарға ақша аудармауға, ұялы телефон мен компьютерге, планшеттерге тексерілмеген, сенімсіз қосымшаларды орнатпауға, жалған спам хабарламаларға сенбеуге шақырамыз.

Бахытгүл Дюсебалиева,
Атырау қалалық мамандандырылған тергеу
сотының төрағасы

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...