12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МІНДЕТ

Цифрлық дәуірдің дамуы бізге көптеген мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптерді де алып келді. Соның бірі – интернеттегі алаяқтық. Қазіргі таңда алаяқтар әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жалған сайттар, қаржы пирамидалары және түрлі алдаушы схемалар арқылы азаматтардың жеке деректерін иемденіп, материалдық залал келтіріп жатыр.

Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, олардың жеке деректерін иемденіп немесе оңай табысқа кенелтемін деген желеумен материалдық шығын келтіруде.

Бұл жағдайлар бойынша соттарда нақты істер қаралып, тиісті сот шешімдері шығарылуда. Алайда, мұндай фактілердің алдын алу үшін тек жазалау жеткіліксіз. Азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру – ең басты қорғаныс құралы.

Қандай қауіптер бар?

Интернет алаяқтары көбіне мына тәсілдерді қолданады:

— Жалған интернет-дүкендер арқылы тауар сатқан болып ақша жинау;

— Банк қызметкеріміз деп хабарласып, картаның деректерін алу;

— Инвестиция, криптовалюта, «жеңіл табыс» деген сылтаулармен алдау;

— Қаржы пирамидасына тарту арқылы пайда бөлісеміз деу;

— Жалған сілтеме жіберіп, адамның телефонын немесе деректерін бұзу.

Сақтанудың жолы – ақпараттандыру.

Қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мына шараларды іске асыру маңызды:

— Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. 

— Ешқашан банк картасының CVV-кодын, SMS арқылы келген кодты ешкімге айтпаңыз. 

— Ресми сайттар мен қосымшалар арқылы ғана төлем жасаңыз. 

— Күмәнді хабарламалар алсаңыз, ресми нөмірге қайта хабарласыңыз.

Қорытынды

Интернеттегі қауіп-қатер күннен күнге артып келеді. Бұл шаралар интернет алаяқтығының алдын алуға, азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға және қылмыстың таралуын азайтуға септігін тигізеді.Алаяқтарға алданбау үшін әр азамат сақтықпен қарап, күмәнді ұсыныстардан бас тартып, өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруы қажет. Азаматтарды ақпараттандыру – алаяқтықпен күрестің ең тиімді жолдарының бірі.

Семей қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты әкімшісінің басшысы Калдыбаева Ш.Ж.

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында...

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалар шетелге жиі...

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың...