Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі.Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ең көп кездесетін интернет-алаяқтық қылмыстардың түрі-банк,казпошта,ұялы байланыс операторының қызметкері, тіпті құқық қорғау органы қызметкері ретінде де хабарласып, жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізіп отыр.Жалған сілтемелерге кірмеуге кеңес беріледі.
Интернет алаяқтық деп- ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз.Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады.
Алаяқ кез-келген қызмет түрлерінен жарнамалап,жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін, жұмысқа тұрғызып беремін, үйге керекті мебельдерді жарнамалап, қайтарымсыз несие алып беремін деп қаражатты алдап алып,жымқырады.
2025 жылдың 6 айында аудандық соттың өндірісіне жалпы 29 қылмыстық іс түскен, оның ішінде алаяқтық жөнінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1,2,3,4 бөліктерінде көзделген 11 қылмыстық іс түскен.
Алаяқтық санаттағы 3 іс бойынша үкім шығып, 3 іс бойынша қаулы шыққан, 5 іс соттылығы бойынша жолданған.
Алаяқтық, бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен; мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық.
1) ірі мөлшерде;2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;3) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 4) бірнеше рет жасалған алаяқтық.4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:1) қылмыстық топ жасаса;2) аса iрi мөлшерде жасалса.
Сотталушы С.В бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану арқылы алаяқтық жолмен алдап, төмендегі мән-жайда жымқырған.
2024 жылғы қараша айының ортасында, тергеп-тексерумен нақты анықталмаған күні танысы Ш.Б-мен ұялы телефон арқылы байланысып, оның танысы Ф.О-ның баласын жұмысқа орналастырамын деп жалған мәлімдеп, сеніміне кіріп қызметін 1 000 000 теңгеге бағалап,ол 1000 000 теңгені Ш.Б-ның атындағы «Kaspi.kz» (голд) қосымшасына аударған, өзіне алып, ақшаны бас пайдасына жаратып, жәбірленуші Ф.О-ға 1 000 000 теңге мүліктік залал келтірген.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекснің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 (бір жүз) сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылып, сотталушыға орындау үшін келесі міндеттер жүктелді: мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмауға; сағат 22:00-ден бастап сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарына, алкоголь өнімдерін сататын (құятын) орындарға баруға тыйым салуға, уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен тыс басқа жерлерге шықпауға; уәкілетті мемлекеттік органның белгілеген жерлеріне бармауға.
Сотталғанға оның тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауды және мінез-құлқын қадағалауды жүргізу Қызылорда қалалық пробация қызметіне жүктелді. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне есепке қою үшін Қызылорда қалалық пробация қызметіне бару міндеттелді.Оған бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алатыны түсіндірілді.
Алаяқтың арбауына түспей тұрып өзің ойланғаның жөн болар еді, өзің бұрын соңды танымайсың, оны көрмегенсің, қарым-қатынасың жоқ, ақшаңды каспий (голд) қосымшасына аудара саласың.
Жалпы аудандық соттың өндірісіне түскен алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді қарау барысында анықталғаны, осы санаттағы қылмысты әйелдер жасаған, әйел адамдардың қылмыс жасауы жиілеп барады.
Судьялар Одағының мүшесі аудандық соттың бас маманы Б.Исағабылов