Instagram-нан жойылған қазақ әндері: Әділет министрлігінің шешімі қандай?

Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев instagram желісінде жойылған қазақ әндеріне қатысты қандай іс шара қабылдау керегін айтты.

2024 жылы күз айында орын алған қазақстандық музыканы Meta платформаларынан алып тастау оқиғасы ұжымдық басқару саласындағы кемшіліктерді айқын көрсетті. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар өздерінің осы платформадағы шығармалары үшін сыйақы алмағандары туралы шағымданды. Осыған орай, бұл саланы цифрландыру қажет. Авторлар мен өзге де құқық иеленушілерге барлық кезеңдерді онлайн форматта қадағалауын мүмкіндігін беру жоспарлануда. Яғни келісім-шарт жасау, сыйақы жинау, бөлу және төлеу кезеңдерін онлайн бақылау,-деді ол.

Оның айтуынша, жасанды интеллект (Ж)элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі қарастырылған.

Сонымен қатар, талдау және есептілік жүйесін енгізу (мемлекеттік тізілімге енгізілген объектілер бойынша), тіркелген зияткерлік меншік объектілері бойынша іздеу жүйелерін жетілдіріп, мобильдік қосымшаны әзірлеу, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту қолға алынады,-деді министр.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.