12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУДІҢ ЗАҢДЫҚ ТЕТІГІ ЖОҚ!

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты қалыптасқан қазіргі ахуал көпшіліктің өз денсаулығы мен жақындарының жағдайына алаңдаушылығын көбейтті. Билік те қамсыз қалған жоқ. Біздің мемлекетіміз де бұл індеттің бақылаусыз таралып кетпеуі үшін өзіндік шаралар қолдануда.

Жалпы алғанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 90, 92-баптарында, азаматтар өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілікте болуға міндетті екені көрсетілген. Сонымен қатар, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, ҚР заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылып, тиісті тәртіппен куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен емделуге тартылады. Бірақ, дәл осы заңдық талаптың бұған дейін сирек қолданылғаны, халықтың одан аса хабары болмағаны рас. Коронавирустың тарауы адамның өз денсаулығына салғырт қарауының өзі қоғамға айтарлықтай қатер төндіретінін ұғындырды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығымен «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 мамырдағы №367 бұйрыққа өзгеріс енгізіліп, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесі «Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекция» ауруымен толықтырылды. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осы жағдайларға байланысты, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе сол аурумен ауырған адаммен қатынаста болған не жұқтыру қаупі болуы мүмкін жағдайда, азаматтардың өз денсаулығына немқұрайлықпен қарамай, өзі, отбасы мен жақындары үшін жауапкершілігін дұрыс ұғынғандары жөн. Дегенмен, елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде орын алып жатқан жәйттер қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, коронавирустық инфекция ауруымен ауыратын, емделуден жалтарып жүрген не жұқтыру қаупі бар азаматтарды куәландырудан өткізу және мәжбүрлеп емдеу тәртібі Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасында қарастырылмаған. Ал, елімізде мұндай қауіп тудыратын азаматтардың өз еркімен зерттеп-қараудан және емделуден бас тартып, құзырлы органдардың талаптарына бағынбай, түсіндірмелерін құлақтарына ілмей, індеттің қаншалықты қауіпті екенін жете бағаламай отырғаны жасырын емес. ҚР Азаматтық процестік кодексінде айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың ішінде тек туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы іс жүргізу тәртібі ғана көзделген. Алайда, бұл коронавирустық инфекция ауруымен ауыратын, емделуден жалтарып жүрген не жұқтыру қаупі бар азаматтарды сот шешімімен куәландырудан өткізу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу мүмкін еместігін білдірмейді. Мұндай жағдайда, азаматтар құқығының сақталуы мен заңсыз және негізсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберуді болдырмау мақсатында, ұқсас қатынастарды реттейтін АПК-нің 40-тарауының нормаларын басшылыққа алып, қолдануға болады. Десе де, АПК-нің нормаларына төтенше жағдайларға байланысты қатынастарды реттейтін құқық нормаларын енгізуді, яғни, осы жағдайда нақты орын алып жатқан жәйттерді ескере отырып талдау жасау арқылы тиісті заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет деп санаймыз. Сол секілді, ӘҚБтК-нің 430-бабының 1-бөлігінің диспозициясы «олармен қатынаста болған профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдардың не төтенше жағдай кезінде ауру жұқтыру және оның таралу қаупі болған жағдайда карантинде болудан бас тартуы» деген сөздермен толықтыруды қажет етеді. Өйткені, қазіргі таңдағы сот практикасында, төтенше жағдай жариялануына байланысты коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар құзырлы органдардың талаптарына бағынбай, зертханалық тексерілуден өткізуден, карантинде болудан бас тартып жатқан жағдайлар кездесуде. Ал, оларды мәжбүрлеп емдетудің заңдық тетігі жоқ. ӘҚБтК-нің нормаларында төтенше жағдай кезінде орын алып жатқан осы құқықбұзушылықтарды реттейтін нақты норманың болмауы, сот практикасында қиындықтар туғызады.
Басты мақсат – азаматтарды жазалау емес, төтенше жағдай талаптарын сақтап, елімізде қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, өзімізге және жақындарымызға, айналадағы азаматтарға қауіп тудырмай, солардың амандығы үшін жауапты екенімізді естен шығармасақ, аз күнде бұл қиындықты да еңсерерміз деген
үміттеміз.
Гүлжазира ҚАЛДЫБЕКОВА,
Мақтарал аудандық
сотының судьясы
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

[ratings]

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...