«Imam AI» жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады, — деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айтуынша, жасанды интеллекттің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет.

Мұндай қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз, — деді Бас мүфти.

Алматы облысының әкімі тағайындалды 

Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Укрепление многовекторного партнерства 

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЗАСЕДАНИИ СОВЕТА ГЛАВ ГОСУДАРСТВ – ЧЛЕНОВ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА, СОСТОЯВШЕМСЯ В КЫРГЫЗСТАНЕ. В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОТМЕТИЛ ВАЖНОСТЬ ДАЛЬНЕЙШЕГО УКРЕПЛЕНИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СТРАН ШОС В УСЛОВИЯХ МЕНЯЮЩЕЙСЯ МИРОВОЙ ОБСТАНОВКИ.

Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды? 

ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін 

Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.