Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск стартапы Neuralink маймылдың миына «ой күшімен» бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын деп мәлімдеді», — деп хабарлайды Daily Mail.

Миллиардер чипті миға орнатудың мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, чип «бас сүйегінде миға қосылған кішкентай сымдары бар фитнес білезік тәрізді».

«Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді, ол бақытты маймыл. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олар бір-бірімен интеллектуал пинг-понг ойнағанын қалаймыз», — деді Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Neuralink стартапы 2017 жылы Маск ашқан, ол ми чиптерін әзірлейді. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...