12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ілияс Өсеров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ілияс Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана Университетін бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастаған.

2009-2010 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды.

2010-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы.

2014-2015 жылдары — Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2015-2019 жылдары — Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған. 2019 жылдың мамырынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Абай Құнанбаев сөзбен қалай емдеген немесе Зере әжесі берген есім оған қалай бекітілді?!

Қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына.     ...

Приоритеты аграрной политики 

Туркестанская область, обладая богатым сельскохозяйственным потенциалом и разнообразием природных...

Жилье – нуждающимся семьям 

В канун Дня Победы в городе Жанаозен Мангистауской области...

Строительство детского сада

Как сообщает пресс-служба акимата области Абай, в микрорайоне Карагайлы...