ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізушілерден ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға назарға аударуды сұрайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілдері 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс толығымен жабылғанын еске салды.

«Ақмола және Қостанай облыстарындағы қала сыртындағы тасжолдарда Солтүстік Қазақстан облысы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы шектелген. Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстары бағыты бойынша қозғалыс шектелген.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының бұзылады деп болжанып отыр. ІІМ осы аймақтар тұрғындарына ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықты қатаң сақтау керегін ескертеді», — делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында қалың қар жаууына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланған болатын. 13 қаңтар сағат 9-дағы жағдай бойынша, Алматыда 10 сантиметр қар түскен.

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...

Балхашский тигр Туран приехал в Алматы

Сегодня в Алматы произошло необычное и запоминающееся событие —...

Балқаш жолбарысы Тұран Алматыға келді

Бүгін Алматыда ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды —...

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды: дауыс беру учаскесіне халатын...