spot_img
spot_img

ІІМ қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia NEWS-қа сілтеме жасап.

«Ұялы байланыс тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, алаяқтық дерегі туралы ақпаратты SMS арқылы жіберу азаматтардың кең ауқымын жедел хабардар етуге мүмкіндік береді», — деді ІІМ.

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

— ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

— өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

— белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

— күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

— қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

— белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

— банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

— өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.

Система хочет купировать риски

Политолог, глава «Политической экспертной группы» Константин Калачев – об обновлении политической системы...

Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі кеңеюде

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы халықты қолжетімді әрі сапалы...

В области Жетысу расширяется доступность высокотехнологичной медицинской помощи

Управлением здравоохранения области Жетісу проводится системная работа по обеспечению...

Кузница молодых лидеров

В Назарбаев Интеллектуальной школе Алматы–Наурызбай прошла самая масштабная MUN-конференция...

MUNIX 2026

Алматы–Наурызбай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан тарихындағы ең ауқымды...