ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА КИБЕРЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ.

ҚР Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясында киберзертхана ашылды. ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжанов оқу орнына келіп, академияның ақпараттық қауіпсіздік және киберқылмыспен күрес саласындағы ғылыми-тәжірибелік қызметінің негізгі тәсілдерімен танысты.

Интернет алаяқтық жылдан жылға артып келеді.Мысалы еліміз бойынша 2018 жылы 2 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелсе, бұл көрсеткіш осы жылдың 8 айында 13 мыңнан асты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында интернет пен телефон алаяқтығына қарсы тұру қажеттігін баса айтқан болатын. Зертхананың ашылуы – қылмыскерлердің қылмыстық жоспарларына қарсы тұру үшін олардың іс-әрекетінен дер кезінде хабардар және дайын болуға мүмкіндік беретін алғашқы маңызды қадам», — деді министр.

Академия басшысы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков те интернет арқылы жасалатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарды тоқтатуға мүмкіндік беретін жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Академияның «Kazdream Special Systems» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында киберзертхана жедел қызметті жақсартуға бағытталған соңғы ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілді.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...