Хураман Мурадованың жетекшілігімен Түркі дүниесі Әйел ақындар Одағы кеңейіп келеді!

2025 жыл – Түркі дүниесі әйел ақындарының шығармашылығы мен мәдени ынтымақтастығын нығайту мақсатында құрылған Түркі дүниесі Әйел ақындар Одағы өз қызметін бастады.


Одақтың бас төрайымы – Әзербайжан Жазушылар одағының мүшесі, Түркия Жазушылар одағының мүшесі, Өзбекстан Жазушылар одағының құрметті мүшесі – Хураман Мурадова. Оның басшылығымен қысқа уақыт ішінде одақ географиялық аумақтағы көптеген елдермен мәдени-әдеби көпірлер орнатып, түркі дүниесін өзара байланыстыра білді.

Елдер бойынша төрайым орынбасарлары:
🇹🇷 Түркия – Инжи ханым
🇦🇿 Әзербайжан – Айсель Ханларгизи ханым
🇺🇿 Өзбекстан – Наргиз Асадова ханым
🇰🇬 Қырғызстан – Нуркиз Рискул кызы ханым
Кипр – Фейзан Корур ханым
🇲🇰 Македония – Лейла Шариф Эмин ханым,
Керкүк – Гүлзар Баятлы ханым
🇰🇿 Қазақстан – Әсел Оспан ханым
Башқұртстан – Тензилия Давлетбердина ханым
Татарстан – Шамсия Чихангирова ханым

Түркі дүниесі Әйел ақындар Одағының негізгі мақсаты – түркі дүниесіндегі әйел ақындарды біріктіру, әдеби және мәдени құндылықтарды сақтау мен насихаттау, достық пен бауырластық байланыстарды нығайту.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасында жетекші маман, ақын, Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Н.Оңдасынов атындағы сыйлықтың лауреаты — Әсел Оспан ақынға әрдайым сәттіліктер мен жеңістер тілейміз! Шығармашылықтағы қадамы оң болғай!

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...