12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ХЭППИ ЭНД»

(Оқиға ойдан құралған. Кез-келген сәйкестік кездейсоқтық деп есептелсін)

Ол көзін жайлап ашып алғашында нақты қай жерде жатқанын түсіне алмады. Басы қатты ауырып тұр екен. Сәлден соң ауруханада жатқанын түсінгенмен, өз есімінде есіне түсіре алмады. Көрші керуетте жатқан далалық әскери формадағы адамды көрген сәтте, біреулердің «Ау командир!», «Ешкімге сенбе!», «…бәселекестерінің адамы шығар?», «Маңызды тапсырма!», «Сақ бол!» деген сөздер есіне түсті. Бірақ бұл сөздері оған кімдер айтты? Өзі нақты қай жерде? Ең бастысы өзі кім? секілді сұрақтар өзін мазалай бастады

Бұның есін жиғанын байқаған көршісі, мейірбикені дауыстап шақырып еді, мейірбикемен бірге бөлмеге азаматтық киімдегі біреуде кіріп келді. Ол өзін жол апатының себебін зерттеуші тергеуші Берік Хасановпын деп таныстырды. Олардың сөзінен ұққаны бұл мінген жеңіл көлік жол апатына ұшырапты. Көліктегі төрт адамнан тек екеуі ғана аман қалыпты. Екінші адам есін жиып, «Хирургияға» алмастырылса, бұл бір күн бойы ес-түссіз жатыпты. Тергеуші мұның өз айтқандарын толық ұғынды-ау деп ойлап – «Жомарт Есболов мырза, Сонау «Шуақтыдан» Алматыға қандай шаруамен келіп едіңіз? Көлік апаты туралы есіңізде қалған жайлар туралы айтып берсеңіз?»-дегенде барып, барлық жай аздап біртіндеп есіне түсе бастады. Сыр бермеген ол әрең дегенде сөйлеп, сәл есін жиып алуға рұқсат сұрап еді, полицей ертең таңертең келетінін айтып палатадын шығып кетті. Күшеніп тұрып, рахметін айтқан Жомарт енді не істерін ойлана бастады…

«Шуақты» қалашығы Алматыдан шамамен мың шақырымдай жерде еді. Жомарт жергілікті қалашықта орналасқан аудандық газетте жаңадан ашылған  редакциядағы ерекше құқықтарға ие «журналистік зерттеулер» бөлімінің меңгерушісі. Газет жекеменшік және аудан халқы аз болғандықтан бұлар оқырмандар үшін «жан берісіп, жан алысып» басқа газеттермен тартысып жатқандықтан редактор үш қызметкер тұратын осы бөлімді құрып, соған мұны басшы етіп қойған болатын. Редакцияның барлық ресурстарын еркін пайдалана алатын, айлықтары басқа әріптестерін қарағанда жоғары бұларға қызметтестері қызыға қарайды. Сондай-ақ, бұларға материалдарды анда-санда жарыққа шығара беру құқығы да берілген еді. Редактор үшін ең бастысы нәтиже болатын.  Жомарттың бөлімі редактордың көңілінен шыға әрекет етіп,  әрбір материалдары ауданды бір сілкінтіп отырды.

Короновирус індеті басталғанда алғашқыда бұлар анау айтқандай қиыншылық көрмегенмен, жер-жерде карантиндік шаралар күшейтілгенде жағдайлары қиындай бастады. Қалашықтағы аудандық аурухана карантинге жабылып, жұқпалы ауруларға арналған госпиталға айналғанда бұлар халықпен бірге өздеріне жақын жердегі көрші қаладағы ауруханаға баруларына, кейінірек тіпті аудан және қалашық ішінде арнайы рұқсатнамамен жүрулеріне де тура келді. Сол кезде ол ірі қалаларға кіріп-шығуға тек арнайы рұқсат керектігінен өздері облыс орталығындағы баспаханада бастырылған газеттерін алдырып, оқырмандарға таратуда қиындық көріп отырғанда құрылыс жұмыстарына баратындардың емін-еркін жан-жаққа барып-келіп жүргеніне таң қалды. Журналистер емес пе?! Арнайы зерттеулер жүргізіп еді, ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Оның схемасы қарапайым екен. Азық-түліктерді жабық фургондармен таситындар өз көліктерінің ішінде «құпия бөлме» орнатып сонымен еркін түрде адам тасымалмен айналысып жүрсе, сондай-ақ тіке Алматы мен Астанаға апаратын «бекеттерден еркін өте бергіш» жеке таксилер де жетерлік болып шықты. Тасымал құны әлдеқайда қымбат болғанмен, олар барлық блок-постардан ешбір рұқсат қағазсыз әрі тез өте алады екен. Соған қатысты Жомарттың материалы жариялана сала, әлеуметтік желілерде үлкен дау шықты. «Епті жүргізушілермен» қатар, оларды блок-постарда еркін өткізе беретіндер мен шопырларға рұқсат қағаз берген әкімдіктердің жауапты мамандары қыметтерінен ұшты. Тіпті кейбір дөкейлер қамауға да алынды.

«Шуақтыда» жағдай пневмания кезінде тіпті күрделеніп кетті. Қалашықтағы дәріханаларда қарапайым дәрілер «жоқ болып кетсе», кейбір тапшы дәрілер тіпті 10 есе қымбат бағаға да сатылды. Жомарттың екі әріптесі де бірден пневмания болып ауруханаға түсіп қалды. Олар ауруханадан шыққан соң, жайлап сыр тартып көрсе, жастауы осы аурухананың бір бөлімінде аға мейірбике болып жұмыс істейтін әйелдің күйеуімен бірге жатқанын мақтанышпен айтты. Ол әйел күйеуіне  керек дәрілерді тез әрі арзан бағада әкелетінін, соның арқасында бұл да өзіне қажетті дәрілерді де басқалар секілді жан-жаққа сандалмай тез тапқанын айтып мақтанды. Сол сөздерді естіп отырып, оған туыстары ауруханада жатқан адамдардың «Дәрігерлері ана дәрі жоқ, мына дәрі жоқ-деп, дәрілерді өзімізге алдыртты»,  «Медиктерге ақшаны аямай беріп жүріп туысымыздың бетін бері қаратқыздық», «Қарапайым дәріні 10-мың теңгеге әрең таптық, оның өзінде таныстың танысынан жалынып-жалпайып алдық», «Дәріханадағылар керек дәріні ойына келген бағаға сатуда! Тосқауыл болатын біреу бар ма өзі?» секілді әңгімелері есіне түсіп кетті. Осы аға мейірбике ауруханаға қазынадан арнайы қаржы бөлдіріліп алынған дәрілерді сатып жатқан жоқ па екен?-деген бір арам ой да басына сап ете қалды. Күдігін сейілту үшін бастығына өз ойын толық айтпай ишаралап жеткізіп еді, редакторы мұның ойын бірден сезе қойып, «Алға!» деп келісімінін бер қойды. Негізі редакторының ойында да бұл жай болған екен. Ол да жан-жақтан сыр суыртпалаған екен, «қайырымды адамдар» оған жергілікті аурухана мен дәріханалардың арасында өзара келісім жасалып, олардың адамдардың шарасыздығын пайдаланып, дәрілерді қасақана қымбат бағаға сатып жатқанын айтыпты. Сондай-ақ, оған Алматыдағы медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектерді аймақтарға бөлу орталығында жұмыс істейтін бір қызметкердің құпия түрде хабарласып, маңызды ақпарат бергісі келетінін айтыпты. «Сол орталық біздің облысқа, соның ішінде қалашығымызға да короновирусқа қарсы пайдаланатын дәрі-дәрмектерді мемлекеттік бағдарлама аясында бөлумен айналысады. Қазірде біздегі дәріханалар мен ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектің жартысына жуығы сол орталықтан келуі тиіс. Біз жақтағылар дәрі жетіспеуде десе, сол жақтағылар барлық дәріні уақтылы жіберудеміз-деуде. Сенің міндетін шындықты анықтау. Бұл ерекше маңызды тапсырма! Бірақ абайла, сен жолығуға тиіс жаңағы адамның өз мақсаты да болуы мүмкін. Сондықтан сақ бол! Ол мүмкін сол орталықтың бәселекестерінің тапсырмасын орындап жатқан шығар? Қысқасы ешкімге сенбе! Тапсырманы неғұрлым тезірек аяқтасаң соғұрлым көп адамның өмірін сақтап қаласың. Соны ұмытпа»-деді. «Иә, басекең анық параноик болып кетіпті, мына түрімен әйелі тамақ берсе, «осы маған у беріп жатқан жоқ па екен?» деп ойлайтын шығар деп, Жомарт іштей мырс етіп қойды. Бірақ бұның риза болатын жері бастығы жеме-жемге келгенде өз қызметкерлерін сатып кетпей, оларды «талай тұмсықты мен қанаттыдан» сақтап қалатын. Сондықтан Жомарт пен басқа да әріптестері редакторларының сөзін ешқашан жерге тастамай, берген тапсырмаларын адал орындайтын.

Ресми түрде бұл бөлімнің қызметкерлері «үйлеріндегі шаруаларды реттеу үшін екі аптаға «безсодержанкаға» кетті. Әдеттегідей қандай тапсырма алғандарын әйелдеріне де айтпаған үштіктің біреуі Нұр-Сұлтанда министерстводағы танысынан ақпараттар алуға кетсе, екіншісі қалашықтағы дәріханаларды бақылауға қалды. Ал бұл, бірден Алматыға жол тартатын болды. Сылтауы, кезінде универде өте жақын араласқан бір курстасы  ауырып қалып, бұл соның жағдайын сұрауы керек. Негізі бұл жай шындыққа келетін. Екі күн бұрын сол курстасы аяғын сындырып алғанын айтқан болатын.  «Бұл соны ести сала барлығын тастап, жағдайын білу үшін құстай ұшып бара жатыр». Бастығы да «жақсы сылтау екен» деді.

Қалашықтан сол жаққа баратын таксистерді қарап жүргенде «Ау командир! Алматыға тез апаратын сенімді тұлпар керек емес пе?» деп, отыздардағы бір жігіт қасына жетіп келді. Іші кең, ыңғайлы қап-қара джипі бар екен. Екеуі бағасына келіскен соң, тағы екі адаммен бірге жолға шықты. Бекеттерден еш кедергісіз өткен олар Алматыға бір сағаттық жол қалғанда, көліктің дөңгелегі жарылмасы бар ма! Содан амалсыздан жол шетіне тоқтап, шопыр дөңгелекті алмастырып жатқанда арт жақтан бір көлік келіп тоқтады. Оның иесі көліктен түсе сала, бұлардың жүргізушілеріне тиісе  бастады. Қысқасы өткен жолы, бұл оның бай клиентін алып кетіпті. Содан анау кек сақтап қалған. Екі көліктегі  адамдар жабылып жүріп екеуін ажыратып, бәрі тыншығандай болғанмен, мұның көңілі бір жамандықтың болатынын сезгендей болды. Сол сезімі оны ешқашан алдамайтын еді… Бұл артқы орындықта, дәл жүргізушінің артында жайғасып, мынау шопыр ашу үстінде жол апатына ұшыратпас па екен, сақтану керек-деп, сақтықты ойлай бастады. Сезімі алдамапты. Таксист машинасын оталдырғаннан ашуланып, бұрқылдап, көлікті қатты айдай бастады. Ол талай рет мұндай жағдайдағы жүргізушілерге басу айтудың пайдасыздығын көзімен көргендіктен, үндей алмады. Қасындағылар шоферге басу айтқанмен олардың сөзін таксист құлағына да ілмеді. Бұлар қалаға жақындай бергенде күтпеген жерден күтпеген жерден бір бұрылыстан көлік шыға келді. Егер жай келе жатқанда оның қасынан еркін өтіп кетуге болатын еді, алайда ашуланып, көлікті қатты айдап келе жатқан таксист далбасалап қалып, рөлге ие бола алмай жол шетіндегі сайға түсіп кетіп, көлік екі мәрте аударылып түсті. Жол апатын көрген көрші көліктегілер бұларды құтқаруға жүгірді…

Өз қызметкерінің жол апатына ұшырағанын естіген редактор, басында бұл қастық емес пе екен?-деген ойлағанмен, кейіннен бұл кездейсоқтық болуы да мүмкін ғой деп өзін тыныштандырды. Бірақ сонда да сақтық ретінде Алматыдағы дәрі-дәрмектерді бөлу орталығының қызметкеріне сол қаладағы әбден сенімді болып қалған таныс журналисті жіберді. «Ал, Жомарт тыныға түрсын әзірге»-деп ол есін жиған соң, хабарласпақ болды. Оның тірі қалатына бұның еш күмәні жоқ еді. Қателеспепті. Жомарт есін жиды.

Мейірбикеден жайлап сұрастырып, жүргізушінің де тірі қалғанын, бар соққы жолаушылар отырған жаққа тиіп, екі жолаушы тіл тартпай кеткенін білді. Бұл жүргізушінің дәл артында отырып, іштей соққыға дайындалып, сақтанғандықтан аман қалыпты. Естен талып, басына біраз соққы алғанмен ішкі органдарына елеулі соққы тимепті. Жүргізушілері бар кінәні қарсы жақтан келген көлікке аударып, «бұны өз сөзін растайды»-деп тергеушіге айтып та қойғанын білгенде «Тапқан екен құтқарушы періштені!» деп, мұның жыны келіп кетті. Редакторы хабарласып, мұның Алматыда еркін жүре беруі үшін арнайы рұқсат алып қойғанын, сондықтан еш алаңдамай емделе берсін-депті. «Басекең мықты, оның танымай адамдары жоқ»-деп ойлап жымиып қойды.

Ертесіне тергеушіге Алматыға келе жатқан себебі, ауырып қалған жан досының жағдайын білу екенін және апатқа қатысты бар жайды жасырмай айтып берді. Әрине, оған құпия тапсырма туралы айта алмады. Тергеушіні тек жол апаты қызықтырғандықтан, басқа жайларды қазбаламады да. Сол күні-ақ, жағдайы жақсарып қалған жүргізуші қамауға алынды. Ал Жомарт бір аптадан кейін аяққа тұрып жазылып шықты.

Мұны аурухананың сыртында тергеуші Хасанов бір әйелмен күтіп тұр екен. Жомарт бұл кездесудің тегін еместігін байқаса да сыр білдірмеді. Тергеуші Берік, Жомарттың журналист екенін естігенде қуанып кеткен еді. Ол туралы жан-жақты ақпарат іздестіріп оны негізінен журналистік зерттеулермен айналысатынын білді. Әлеуметтік желілердегі жазбаларынан мұның өз ұстанымынан қайтпайтынын, кейбір блогерлер секілді бүгін біреуді жамандаса, ал ертесіне күтпеген жерден 180 градусқа бұрылып, сол адамды жер-көкке мақтаған жері жоқ екен. Сондай-ақ, оның біреулерді қорқытып немесе мақтап ақша тапқаны туралы ешбір деректі таппады. Ескі үйде тек өз айлығымен ғана күн көреді екен. Мынау нағыз идеалист журналист екен ғой!-деп ойлап, соған бір жайды айтуды оқталып тұр еді.

Беріктің әйелі қалалық аурухананың бірінде мейірбике болып жұмыс істейтін. Короновирус індеті өршіген кезде оны жұқпалы ауруларға қарайтын дәрігерлер тобына қосыпты. Басында екі есе жоғары айлық, ал науқастанып қалсаңыздар миллион теңгеден өтемақы аласыздар делінгенмен жеме-жемге келгенде бәрі басқаша болыпты. Әйелі ауру жұқтырып екі аптадай ем қабылдап шыққанда, оған тиесілі ақша берілмегені аздай әріптестері ол тура бір «алапес жұқтырғандай» одан бойларын аулақ салыпты, ақырында басшылығы түрлі себептер айтып жұмыстан шығарып жіберіпті. Ол аздай оны ешбір емдеу орны жұмысқа алмай қойыпты. Берік аурухана басшылығына тиісейін десе, бас дәрігер бастығының туған жеңгесі екен. Яғни, жан-жаққа шапқыласа бұның да жұмыстан шығып кететіні анық.  Содан «Өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» жолды іздестіріп, басы қатып отырғанда, бағына Жомарт журналист жолыға кетті. Соған әйелін жолықтыруды ойлады.

Осы жайларды естігенде Жомарттың қуанышында шек болмады. Бірақ ол сол күйін сездірмей тергеушінің әйелінен қажет ақпараттың барлығын сұрап алды. Ең бастысы ол «Шуақтыға» бос қайтпайтын болды! Әйел әңгімесінің арасында бұған «материалыңыздың күйеуімнің жұмысына зияны тиіп кетпейтіндей жазсаңыз» дегенді қайта-қайта ескерте берді. Жомартқа мұндай өтінішпен талай адам келетін, сондықтан олардың ойындағы қауіптерін жақсы түсінетін. Жеме-жемге келгенде өзімді сатып кетпесін деген сақтықпен, ол тергеуші әйелінің сөздерін диктафонға жазып алды.

Келесі аптада газетте екі бірдей материал жарық көрді. Екеуі де сенсация болып, тіпті республикалық басылымдар да оларды көшіріп басып жатты. Нәтижесі де көп күттірмеді. Облыс орталығынан арнайы комиссия келіп «Шуақтының» ауруханасы мен жергілікті дәріханаларда тексеріс жүргізді, ауруханада қажетті қаншама дәрілер бар болса да, науқастарға берілмегені, ал дәріханалардың өздеріндегі арзан дәріні орынсыз қымбат сатқандары анықталды. Сол үшін аудандық аурухананың бас дәрігенінен бастап біраз адам қызметтен ұшып кетсе, кейбір дәріханалардың иелері қайтыс болып кеткен науқастардың туыстарынан соққы да жеді. Ал, Алматыдағы орталықтың басшылығы бір апта бойы қажетті дәрілерді жан-жаққа уақтылы жібермегені үшін жауапкершілікке тартылды. Тергеушінің әйелі өтемақы мен өз айлығына үстеме ақшасын алып жұмысқа қайта орналасқанмен, туған жеңгесі жұмыстан шығып кеткеніне кектенген басшысы Берік тергеушіні жұмыстан шығарып жіберді. Бірақ оған Берік қапаланбады, жеке күзет фирмасына жұмысқа тұрып кетті. Ең бастысы әйеліне қатысты әділдік орнады деп қуанды.

Жомарт бәрінің сәтті біте қойғанына біртүрлі сенбей компьютерінің алдында ойланып отырғанында, редакторы «Тез жет!» деп бөлмесінен айқайлады. Ал, редакторы бұның материалдарына қатысты шу шыққанда ғана  солай шақыратын. Демек, бұл оқиғалар «хэппи эндпен» аяқталмапты …

Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, Жетісай ауданы.

 

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...