ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ВАШИНГТОНДА «ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ГЕНИЙЛЕРІ. ИБН СИНА, БИРУНИ ЖӘНЕ ҰМЫТЫЛҒАН ҰЛЫЛЫҚ» КІТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

21 қазанда АҚШ астанасы Вашингтондағы Америка сыртқы саясаты кеңесінің ғимаратында америкалық шығыстанушы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Инбн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» атты еңбегінің қазақ тілді нұсқасы таныстырылды. Аталмыш кітап Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастасыменаударылып басылды. Таныстырылым Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен өтті.

«Өз заманының генийлері. Инбн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» («The Genius of Their Age: Ibn Sina, Biruni, and the Lost Enlightenment») – Шығыс ағартушылығының көрнекті өкілдері – Ибн Сина және Бирунидің түрлі ғылым саласына қосқан өлшеусіз үлесі мен ғибратты ғұмырлары баяндалған еңбек. Бұған дейін «Қазақ тілі» қоғамы оқырманға автордың «Ұмытылған ұлылық: Орталық Азияның араб шапқыншылығынан Әмір Темірге дейінгі алтын ғасыры» атты бірінші кітабын қазақ тілінде ұсынды. Бұл кітаптар Орта Азия елдерінің ортақ зияткерлік мұрасы мен тарихына арналған.    

Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды туындыны қазақ тіліне аударуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласы түрткі болды. Президенттің Орталық Азия елдерінің ортақ мақсаттары мен болашағы жайлы идеясын дамыта түсетін шығыстың қос ғұламасының әлем ғылымы мен адамзат ақыл-ойының дамуына қосқан үлесі баяндалған құнды еңбек қазақ тіліне аударылып, оқырманға ұсынылып отыр.

Жиынға кітап авторы, америкалық шығыстанушы Фредерик Старр, Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қатысты.

«Орталық Азияның адамзат ғылымы мен біліміне қосқан зор үлесін тамаша мысалдармен, нақты дәйек-дәлелдер арқылы баяндайтын мұндай еңбекті қазақ тіліне аударудың, меніңше маңызы зор. Өз еліміздегі қауым да, әлемдегі оқырмандар да Орта Азияны үлкен білім мен ғылым ошағына айналдырған энциклопедист-ғалымдарының өмірі және жасаған қызметі туралы білуі керек. Сондай-ақ, Орта Азияның осындай 500 жылдық «алтын ғасырына» алғышарт болған не және оның тоқырауына алып келген не деген сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет», — деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы

«Өз заманының генийлері. Инбн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» туындысын Қазақстанның ашық кітапханасы – Kitap.kz порталынан тегін оқуға болады.

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...