Халықаралық кітап сыйлау күні

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрам қызметкерлері бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында  мекемеде кітапхана қызметі жұмыс жасайды. Өйткені, жеке құрам қызметкерлері арасында «артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге » қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті. Осы орайда, Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 35 дана кітап тергеу мекемесіне сыйға тартылды.

Біз тергеу мекемесінің қызметкерлерімен біраз жылдан бері бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен жекеқұрамның жас қызметкерлері кітапханада өткізілген әртүрлі іс-шараларға шақырылып,қатысып тұрады. Сондай-ақ, мекеменің қызметкерлері арасында түрлі тақырыптардағы кітаптарға қызығушылар саны жетерлік. Сол себепті де, бұл жолы 35 дана кітапты сыйға тартып отырмыз — дейді, рухани ордаданың құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталог ұйымдастыру бөлім меңгерушісі Ильясова Светлана.

Сыйға тартылған кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің  классик жазушылары М.Әуезов, І.Есенберлин,С.Мұқанов Ә.Әлімжанның романдары мен ақын О.Сулейменов , Т.Молдағалиев пен Шахановтың  да, өлеңдер жинағы және танымдық кітаптар мен фантастикалық шығармалары бар.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...