Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Қазақстанға қайтарылды

Қыз зорлауға оқталғаны үшін сотталған ер адам Грузиядан экстрадицияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

«2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп,қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған. Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған», — делінген хабарламада.

Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды.

«2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды».

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.