12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Халық» қайырымдылық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетті

Алматы облысында былтыр жергілікті әкімдіктің шешімімен 50 орындық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуеттік көмек көрсету орталығы ашылды. Орталық  қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсетіп қана қоймай, оларды жұмыспен қамтуды көздейді. Орталық бастамасына «Халық» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. 28 тамыз күні қор қолдауымен жабдықталған тігін цехы мен шаштараз кабинетіашылды.

Орталық директоры Раушан Алпысбаева  қыз-келіншектерге кәсіп үйрету  жайында бастама көтергенде «Халық» қайырымдылық қорының дер кезінде көмекке келгенін ерекше атап өтті.

«Осы орталықтан пана іздеп келген қыз-келіншектерге қолдау керек деп тігін цехы мен шаштараз ашуға ұсыныспен шыққан кезде «Халық» қайырымдылық қоры көмек қолын бірден создық.  Қыз-келіншектердің тігін мен шаштараз ісін меңгеруін қолдаймыз. Біздің қордың да негізгі мақсаты – «балық беру емес, қармақ ұстату». Қор басшылары Сіздердің сұраныстарыңызға сай қажетті құрал-жабдықпен толық қамтып отыр», — деді шарада «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облысы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ләззат Салықова бұндай орталықтарды қоғам болып қолдаудың маңызына тоқталды.

«Халық» қайырымдылық қоры әлеуметтік жобаларды ұдайы қолдап келеді.  Қорының арқасында осындағы  қыз-келіншектер жаңа дүние үйреніп, білім-біліктіліктерін жетілдіреді», — деді облыс әкімінің кеңесшісі, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Салықова.

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова екі жыл бұрын құрылған орталықта 8 түрлі қызмет көрсетілетінін атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша, Орталыққа өткен жылы 156 адам жүгінген. Биылдың өзінде 143 қыз-келіншекке көмек көрсетілген.

«Екі ай бұрын «Халық» қайырымдылық қорымен әріптестік байланыс орнатып, меморандумға қол қойған едік. Міне, көп уақыт өтпей нәтижесін көріп отырмыз. Тігін цехын, шаштараз ашуға қажет барлық құрал-жабдықтармен қамтыды. Көмек қолын созған «Халық» қайырымдылық қорына алғысымыз шексіз», — деді Айгүл Ахметова.

Атап өткен жөн, Динара және Тимур Құлыбаевтардың жетекшілігімен құрылған «Халық» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін әлеуметтік жобаларға 85 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана»  жобасы жалғасуда

Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласындағы...

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного...

Алматыда жас дизайнерлер байқауының финалдық кезеңі өтті

Алматыда «Activity Boom» жобасы аясында жас дизайнерлер арасында ұйымдастырылған...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет....