12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ХАЛЫҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ВАКЦИНАЛАУ

«Контрафакт» акциясының республикалық маңызы бар іс-шараның нәтижесі халықты ауқымды құқықтық вакциналау. Әділет органдарының біртұтас жүйесі – министрліктен бастап аумақтық департаменттерге дейін – құқықтық түсіндіру жұмыстарының ошағына айналып, барлық деңгейдегі теориялық және тәжірибелік науқандар: мақсатты инъекциялар (семинарлар, дөңгелек үстелдер), бұқаралық ақпараттандыру (жарияланымдар, республикалық БАҚ-та сөйлеген сөздер, интернет-басылымдар),  «Контрафактке жол жоқ» тақырыбы бойынша үздік сурет, логотип, бейне байқаулары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарының мұндай тұжырымдамасы әсіресе қазіргі таңда сұранысқа ие, себебі «ескіру» ұғымы тек техникалық құрал-жабдықтардың параметрлерінің сипаттамаларына ғана емес, сонымен қатар білімге, әсіресе дамудағы заң саласына қатысты. Сондықтан заңның бар-жоғын білу ғана емес, оның өзгерістерінен хабардар болу маңызды.

Ағымдағы жылдың 3 мамыры мен 20 мамыры аралығында өткізілген «Контрафакт» акцияның көздегіннің бірі — зияткерлік меншік мәселелері бойынша халықтың құзыреттілігі мен сауаттылығы. Бұл ең азы. Одан жоғары мақсаты — халықтың санасында заңдылықтың классикалық дұрыс түсінігін және бөтеннің мүлкін, оның ішінде зияткерлік меншікті құрметтеудің ішкі мәдениетін қалыптастыру.

Ақтөбе облысының әділет департаменті, өз кезегінде, «Контрафакт» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді: сурет байқауы, құқық қорғау органдарымен, суретшілер, жазушылар, композиторлар одақтарымен дөңгелек үстелдер отырыстар, қонақ үй бизнесі, «Атамекен» ҰКП, ЖОО өкілдерімен, студенттермен кездесу. Сонымен қатар теле-радио арналарының эфирінде сұхбаттар ұйымдастырылды, постерлер әзірленіп, орналастырылды, т.б.

Бұл жерде біреудің сұрағы болуы мүмкін: «Жарайды. Акцияны жүргізді. Сонымен? Болдыма?». Әрине жоқ! ҚР «Әділет органдары туралы» Заңының 3-бабының 4-тармағына сәйкес заң көмегін ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету және құқықтық насихат жүргізу әділет органдарының міндеттерінің бірі болып табылады. Осылайша, білімге ұмтылған, түсіндірме алғысы келетін тұлғалар, шығармаларына тіркеу құжаттарын алуға бағытталған шығармашылық тұлғалар, өнертапқыштар, селекционерлер; сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы сұрақтарды қойғысы келетіндердің барлығы – Ақтөбе облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөліміне қош келдіңіздер және біздің ақпараттық ресурстарымыз инстаграм dep.ust.aktobe, фейсбук «Ақтөбе Облысының Әділет Департаменті», сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/24?lang=kz

Т.Убишев

Ақтөбе Облысының Әділет Департаменті

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...