Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 2 млн жұмыс орны құрылады

«Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында 2 млн жұмыс орны құрылады. Бұл туралы аталған бағдарламаны таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, бағдарлама 1 млн-нан аса бюджет саласы қызметкерлерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыруға бағытталған. Оның ішінде 800 мың бюджет, 200 мың өндірістік саладағы азаматтар бар. Келесі жұмада «Самұрық Қазынада» квазимемлекеттік секторға қатысты үлкен кездесу болады. Сол жерде осы мәселелердің бәрі жеке-жеке талқыланады. Сонымен қатар, 2,8 млн қызметкердің жалақысын арттыруды бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы жүзеге асырамыз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 млн азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады», — деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

«Өндіріс саласында 950 мың, инфрақұрылым саласында 583 мың, ауыл шаруашылығында 458 мың, туристік салада 59 мың жұмыс орны ашылады. Бұл — қазіргі нақты мүмкіндіктер. Ол ұлттық бағдарламаларда көрсетілген. Дегенмен, мұнан да жоғары көтеруге мүмкіндік болады деп ойлаймыз», — деді Ералы Тоғжанов.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...