«Халықтан кешірім сұрамаймын. Сұрауға міндетті емеспін». Сейфуллин Жолбарыс желіге тараған видеосы туралы

Біраз уақыт бұрын әнші Сейфуллин Жолбарыстың дүкендегі сатушымен ұрысқан сәті желіге тарап кетті. Сатушыны балағаттаған әнші бұл әрекеті үшін үшін халықтан кешірім сұрауға міндетті емес екенін айтты. Әнші араға уақыт салып оқиғаның қалай аяқталғанын айтып берді.

Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Сейфуллин Жолбарыс біра уақыт бұрын келеңсіз жайтқа тап болды. Әнші дүкенде сатушы жігітпен ерегесіп, балағат сөз айтты. Бұл сәтті әлдекім видеоға түсіріп алған. Кейін желіде жария болды. Жолбарыс мырза өзін танымаған сатушы жігітке ашуланып, өзінің кім екенін дәлелдемек болды.

Іс соңы сотқа дейін жеткенімен, жабылып қалған екен. Әнші азғантай айыппұл төлеп құтылған. Бұл әркімнің басында болатын жайт деді өзі.

«Бұған жай ғана келеңсіздік, түсініспеушілік деп қана қарау керек. Кім ұрыспай жатыр? Кім дүкенде сатушымен ұрыспайды? Бұл жай ғана қолдан жасалған нәрсе. Әдейілеп түсірген. Сатушының түсіріп тұрғаны емес. Ол да білмейді видеоның қалай желіге тарағанын. Бастысы оның маған, менің оған ренішім жоқ. Сондықтан іс тоқтатылды. Бұл менің жеке өмірімде болып жатқан оқиға. Мен сахнада біреуді балағаттап, артынан қуып жүрген жоқпын. Бұл сахнадан тыс болып жатыр. Сондықтан ол үшін халықтан кешірім сұрамаймын. Сұрауға міндетті емеспін», — деді Жолбарыс.

«Мен осы видео үшін алғыс айтар едім. Мені видеодан көрген режиссер киноға шақырды. Әжептеуір бір рөлді ойнадым. Осы видеодағыдай кейіпкерді сомдадым. Бұл келеңсіздіктің өз жақсылығы болды. Сондықтан видеоға түсірушіге рахмет айтамын», — деді Сейфуллин мырза.

Әншінің көмекшісі дүкендегі оқиғаның ертеректе түсірілген видео екенін айтып ақталған еді.

Алайда әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.

«Қазақ атақты көтере алмай қалады», «Бұрын бұндай видео көрмедім, соңғы кезде түсірілген видеоға ұқсайды», «Кімнің кінәсі бар екенін ешкім білмейді, бірақ аузына келгенін айту дұрыс емес өнер өкілі бола тұра», «Мас секілді ғой, өзі не деп ақталар екен», — деп жатты олар.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...