12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Халық әкімге емес, әкім халыққа деген принципке көшеміз – Бауыржан Омарбеков

Халық әкімге емес, әкім халыққа деген принципке көшеміз. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы әкімдердің халықпен кездесуі 2005 жылы басталған. Яғни, сол 2005 жылы Жарлық қабылданып, әкімдер жылына бір рет есеп беру кездесуін өткізетін. Одан 2013 жылы аздаған өзгеріс енгізілді. Төмен тұрған әкімдердің есебіне облыс немесе қала әкімдерінің қатысуы мүмкін деген өзгеріс болды. Бірақ, негізгі бағыты сақталып қалды. Расында жылына бір рет қана есеп беру кездесуі болып отырды және осыған дейін сол формат тиімді болған да болар. Ал бүгінгі таңда қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, нығайту мақсатында бұл форматтың тиімділігі төмен деген пайымға келдік. Ескірген деп айтсақ та болады», — деді вице-министр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында.

Оның атап өтуінше, жыл басында Президент әкімдерге халықпен тығыз байланыста болуды, тұрақты кездесуді, елді мекендерді жиі аралап отыруды жүктеді.

«Осыған орай Мемлекет басшысы бүгін арнаулы Жарлық қабылдап отыр. Бұған дейін есептік кездесу болса, енді тұрақты, жүйелі кездесуге көшеміз. Былайша айтқанда халық әкімге емес, әкім халыққа деген принципке өтеміз. Нәтижесінде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрақты кездесулерінің икемді күнтізбелік кестесі жасалады. Сол кестеге сәйкес облыс және қала әкімдері жылына 2 рет, яғни жарты жыл сайын өз аудандарында кездесу өткізіп отырады. Ал одан төменгі аудан, ауыл әкімдері тоқсан сайын тиісті елді мекендерде, аудан орталықтарында, ауылдарда тұрақты кездесу жасайды», — деді Бауыржан Омарбеков.

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...