spot_img
spot_img

«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай Семей қаласының қызметкерлері балалар үйіндегі балаларға ерекше мереке сыйлады.

Биылғы жыл ҚР Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Балалар жылы» болып жарияланды.

Әр балаға жылулық пен ілтипаттың қажет екендігі айқын. Кішкентай балғындар ана алақанының жұмсақтығы мен жылуын және әкенің қамқорлығын сезінуі қажет, әрбір баланың өздерінің қуаныштары мен қайғылары, жақсылыққа деген үміттері бар, үнемі ғажайыпты тосатын өздерінің әлемдері бар.

Сол себепті, бүгінгі айтулы мереке қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15мекекме қызметкерлері Семей қаласының №8 балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға ғажайып сыйлауға тырысты. Кәсіби аниматорлардың қатысуымен мереке ұйымдастырып, сабын көбіктерінің шоуы көрсетіліп, зияткерлік ойындар өткізіліп, ән айтылып, би биленіп, балалардың көңілді уақыт өткізулеріне өз үлестерін қосты. Іс-шара соңында мерекелік түскі ас ұйымдастырылып арнайы тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Қазіргі таңда балалар үйінде 5 жастан 18 жасқа дейін 81 бала тәрбиеленуде.

« Өкінішке орай, өмірімізде балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналар бар. Бүгінгі әрекетіміз теңіздің тамшысындай ғана екенін білеміз, өйткені ата-ананың махаббаты мен аялы алақанын көрмей өсіп жатқан балаларды көргенде жүрегің қан жылайды. Балалар күні меркесінде балаларға куаныш пен күлкі сыйлау біз үшін асқан бақыт. Балалар үшін әлем қазір ертегі сияқты, олар армандап, оның міндетті түрде орындалатынына сенеді. Ал, біз ересектер оларды осы сенімнен айырмай, қамқорлық көрсете білуіміз қажет»,- дейді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...