H5N8 құс тұмауының алдын алу шаралары аталды

Ресейдегі Вирус инфекцияларының алдын алу және емдеу жөніндегі ғылыми орталықтың директоры Георгий Викулов құс тұмауын жұқтырмаудың жолдарын айтты. 2020 жылдың желтоқсанында ресейлік жеті азамат осы инфекцияны жұқтырған, — деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, алдыңғы эпидемиялар мен осы вирустық аурудың өршуі салдарынан жұқтырған адамдар арасында өлім-жітім жоғары екенін көрсетеді, сондықтан сақтық шараларын сақтау қажет.

«Саяхат кезінде және экзотикалық мейрамханаларға барғанда құс еті мен жұмыртқаны шикілей жемеуге тырысыңыз, өйткені олар тұмау вирусын жұқтырудың көзі болуы мүмкін», — деді ол МИР 24 телеарнасына берген түсініктемесінде.

Сондай-ақ, Викулов жабайы құсты тұтынудан аулақ болуға кеңес берді және аң аулайтын адамдар жұқтырған жануармен байланыста болуы мүмкін екенін ескертті.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...