spot_img
spot_img

ХҚО қызметкері Ержан құтқарып алған Нұржанды ауруханадан шығарып алуға барды

Кәріз құдығынан аман қалған «Алматы су» мекемесінің қызметкерлерініңі бірі ауруханадан шықты. Маусымның сегізі күні Қалқамандағы №7 ауруханадан аман-есен айыққан 25 жастағы Нұржанды шығарып алушылар қатарында, оның құтқарушысы, ХҚО қызметкері Ержан Әбдіразақов та болды.
Ержан өзі құтқарған жігіттердің халін біліп, ауруханаға барып тұрды. Жансақтау бөлімінде жатқан жігіттерге жібермесе де, туыстары, аурухана дәрігерлері арқылы жағдайларын біліп отырды. Нұржан аман есен ауруханадан шыққанда да жанынан табылды.
Ажалдан аман қалған Нұржан өзінің құтқарушысы Ержан ағасына ағынан жарыла алғысын білдірді.
«Мен ол күнді екінші туған күнім десем болады. Өліп қайта тірілгендеймін. Осы сәтте Ержан сынды батыл ағамыз болмағанда, о дүниелік болар едік. Бізге екінші өмір сыйлаған ағаларыма Алла ризашылығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», — дейді Нұржан.
Ал, екінші жігіт – Асқар Қайназаров әлі де ауруханада ем алуда. Ол да есін жиған, сөйлей алады. Бірақ ауруханадан шығуға ерте, әлі де әлсіз. Оны да көруге Ержан бірнеше рет барған, бірақ палатаға жібермейді. Сондықтан оның бауыры Ысқақ арқылы хал-жағдайын біліп тұрады.
«Азаматтарымыз аман болса екен. Асқардың да тез айығып, қатарға қосылуын тілеймін. Нұржан ауруханадан шыққанда қатты қуандым. Туыстары, әріптестері келіп, бәріміз бірге қуанып, шығарып алдық. Енді Асқарды да осылай қуанышпен шығарып алатын күн тез жақындасын. Бәріміз де оның денсаулығы үшін дұғада отырмыз», — дейді Ержан.
Сын сағатта еш ойланбастан, өз өмірінің қаупіне қарамай, құтқаруға ұмтылған Ержан Әбдіразақовтың ісі үлкен ерлік, асқан адамгершілік.
Осындай көзсіз ерлікке дайын тұратын азаматтарымыз барда, алаңдамай өмір сүруге болады.

Хакатон – форум для программистов 

В Атырау прошел первый этап конкурса «Atyrau Youth Hackathon»,...

О героическом прошлом

80-ЛЕТИЮ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ БЫЛА ПОСВЯЩЕНА НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПОСТИГАЯ ЛИЧНОСТЬ...

Блэкаут в Европе: проблемы и уроки 

НЕДАВНИЙ БЛЭКАУТ, ОХВАТИВШИЙ РЯД СТРАН ЕВРОПЫ, СТАЛ НЕ ТОЛЬКО...

Стерпится – слюбится? 

ПРИНЯТЬ ЭКСТРЕННЫЕ МЕРЫ ДЛЯ ПРЕДОТВРАЩЕНИЯ КРИЗИСА ИНСТИТУТА СЕМЬИ ТРЕБУЮТ...

Ждем результатов проверки?

Одно дело, когда о каких-то нарушениях в государственных органах...