12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ХҚО-ның жаңа дәстүрі: БІЗ ЖЫЛУ СЫЙЛАЙМЫЗ

Кішкентай Лейла бүгін ата-анасымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚО-ға бірінші рет келді. Ата-анасы қызына төлқұжат жасатып, шетелге саяхатқа шықпақ. ХҚО-дағы аға-апалары оған құрмет көрсетіп, сыйлықтар ұсынуда. Өмірінің алғашқы қадамдары осындай қуаныш пен шаттықтан басталып жатқан кішкентай ару, алдағы өмірінің барлық сәтін осылай елестетеді… Себебі, айналасы сондай өмір сыйлауда. Осындай ертегі әлеміне, жарқын болашаққа жетелер ХҚО сынды мекемелер де мол болғай!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының мамандары балалардың ғана емес, қызмет алуға келген әрбір жанға жылулық сыйлап, көңілдерін табуға тырысады. Қазіргідей күдігі мен үміті қатар тұрған алмағайып кезеңде қамкөңілдерге, бір сәттік болса да қуаныш сыйлап, күдігін сейілтуге қызмет етуде.
Қаладағы кез-келген ХҚО-ларға бара қалсаңыз, қызмет алып, жаңа құжатқа ие болып жатқан азаматтарға құрмет көрсетіп, тіпті сыйлық жасап жатқан ХҚО мамандарын кездестіресіз.
Жетісу ауданының түрғыны, үшінші топтағы мүгедектігі бар Қайрат Әбілев те өзінің туған күні екенін ХҚО-ға келіп қызмет алып отырып білді. Қайраттың құжатын рәсімдеп жатқан оператор, әріптестерімен бірге орындарынан тұрып, қол соғып құрмет көрсетті.
«Мен үнемі осы қажеттілігі бар жандарға арналған терезеден қызмет аламын. Мамандар кішіпейіл, ізетті, құрметтерін аямайды. Бүгінгі құрметтері тіптен ерекше болды», — дейді таңданысын жасырмай.
⠀ «Жолы болғыш жандарды жақсы көрем. Өзімді де солардың қатарынанмын деп есептеймін», — дейді Динара есімді бойжеткен. Бүгін кәмелет жасына толған жеке куәлігін алуға келген екен. «Мұнда й құрметті күтпеген едім. Қуанып тұрмын. Мұны алдағы өміріме ақ жол деп жорыдым. Түрксіб аудандық ХҚО мамандарына алғысым шексіз», — дейді ол.
«Мына көрініс сырттан қараған адамға да қуаныш сыйлайды екен. Орталық қызметкерлері қолдарына шар, шағын сыйлықтарын алып, алғашқы рет құжат, яғни паспорт, жеке куәлік т.б құжат түрлерін алып жатқан азаматтарға сыйлап жатыр. Керемет емес пе!? Қызмет алушылар да, оларға құрмет көрсетуші мамандар да мәз! Дәл қазіргі уақытта мұндай қарым-қатынас керек-ақ!» — дейді Бостандық аудандық фронт-офистен қызмет алуға келген Айдана Кәрімова.
«Азаматтарға арналған үкіметтің барлық фронт-офис қызметкерлері қызмет алуға келген азаматтарға ерекше көзқараспен қызмет көрсетуде. Оларға бір сәттік болса да қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеруге тырысудамыз. Мұны ХҚО-ның жаңа дәстүрі десек те болады. Мақсатымыз – әрбір жанға жылу сыйлау. Адамдардың бәрі көңілді жүрсе, өміріміз де нұрланып, бар қиындық ұмытылмай ма?!», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Иә, бұл күндері ХҚО-лардан қызмет алған – жас аналар да, алғаш рет жеке куәлігін алып жатқан жастар да, зейнеткерлікке шығып жатқан қариялар да қуаныш үстіне қуаныш үстеуде.
Бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік, ағайын!

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...