ХҚО-ға келген Тәжікстан азаматтарын құттықтады

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі көші-қон бөлімі мамандары ерекше мерекелік шара өткізіп, қызмет алушыларын қуантты. Бұл шара – Тәжікстан Республикасынан келген азаматтарға арналды.
«Елінен тыс жүрген азаматтар, өз елінің Тәуелсіздік күні мерекесін сезінсін деген мақсатта ұйымдастырған едік. Әрбір азамат өз елінің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнін ерекше дәріптейтіні сөзсіз емес пе?! Сол шетелдік азаматтарды мерекелерімен құттықтап, қуаныш сыйлағымыз келді» — дейді бөлім басшысы Тимур Қоқамбаев.
«Біз мұндай құрметті күтпеген едік. Әдеттегідей құжат мерзімін создыруға келгенбіз. Орталық мамандары еліміздің мерекесімен құттықтап, сол елдің азаматы ретінде біздерге гүл сыйлап, құрмет көрсетті. Қызмет көрсету залдарын да біздің құрметімізге мерекелік безендіру жасапты… Елімізді сағынып жүргенде, көзімізге қуаныштан жас алдық», — дейді Дилорам Абассова.
Осы күні, яғни 9 қыркүйек күні, бөлімге келген Тәжікстан азаматтары өздеріне көрсетілген осындай зор құрметке алғыстарын білдірді.

Отказались от наследства: что дальше?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКАМ НЕРЕДКО ПРИХОДИТСЯ ПРИНИМАТЬ НЕПРОСТЫЕ...

Технологии ИИ в борьбе против киберпреступлений

СОВРЕМЕННОЕ РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ КАРДИНАЛЬНО МЕНЯЕТ ТРЕБОВАНИЯ К СИСТЕМЕ...

Дело Нурай: доказательства вместо версий

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ ШЫМКЕНТА ЗАВЕРШЕНО...

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...

По следам истины

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ОКАЗАЛОСЬ НЕ О...