«Грэмми» премиясы коронавирус пандемиясына байланысты наурызға ауыстырылды

«Грэмми-2021» музыкалық премиясының марапаттау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты 31 қаңтардан 14 наурызға ауыстырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушылардың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандармен, жүргізушілермен және өнерпаздармен сөйлесіп, 63-ші марапаттау рәсімін 2021 жылдың 14 наурызына ауыстыру туралы келісімге келдік», — делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар «музыкалық қауымдастық пен шоуды жасау үшін аянбай еңбек ететін жүздеген адамның» денсаулығы мен қауіпсіздігінен маңызды ештеңе жоғын атап өтті және барлығына түсіністік танытқандары үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses SAINt JHN композициясы «Грэмми» (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Осылайша Иманбек «Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол бастапқыда сенбегенін және қатты таңғалғанын айтқан еді.

ҚазҰУ түлектері — ел дамуының сенімді тірегі

Қазіргі қоғамда жоғары білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы...

Тіл болашақ кепілі

“Болашақ - білімді жастар қолында» деген сөз жастайымыздан біздің...

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...