Грантта оқып, міндетін өтемей жүрген түлектерге ескерту жасалды

Мемлекет есебінен грантта докторантура оқығандар тиісті мекемеде жұмыс істемесе 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Мемлекет мұны сот арқылы өндіріп алады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар еліміздегі грант негізінде білім беретін бүкіл мамандықтар бойынша грантты жұмыспен өтеу тәртібін енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Ұсыныс мақұлданса, мемлекет есебінен грантта оқығандар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін.

Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқали «1001 түн» бағдарламасында көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді. 

Маманның айтуынша, докторантура бойынша грантта оқыған маман үш жыл заңда белгіленген тиісті мекемеде жұмыс істеуі қажет. Егер түлек тиісті мекемеде жұмыс істемейтін болса, мемлекет тарапынан бөлінген 4 миллион теңгені сот арқылы өндіріп алады екен.  

«Заңда белгіленген тәртіп бойынша, талапкер оқуға түскенде қол қойған келісімшарт бойынша үш жылдық оқу процесі аяқталған соң маман жоғары оқу орыны, ғылыми ұйым немесе мемлекеттік органдарда үш жыл жұмыс істеп, грантты жұмыспен өтеуі қажет. Егер уақытында кері байланысқа шығып, жауапкершіліктен жалтарған түлектер болса олардың ісін сотқа жіберіп, білім алуы үшін жұмсалған қаржыны мемлекеттік бюджетке мәжбүрлі түрде қайтаруын талап ете аламыз. Ескерте кететін тағы бір жағдай, егер сот ол ақшаны өнідіріп алу туралы шешім қабылдаған жағдайда ол соманы бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылмаған. Сондықтан мемлекеттік грантта білім алып, маманығы бойынша жұмыс істемей жүрген түлектердің қаржы орталығына хабарласуын сұраймыз», — деді маман. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.