Головкин мен «Канело» жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдындағы қорытынды баспасөз мәслихатында кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мексикалық нокаутпен жеңіске жетуді армандайтынын жасырмады. Бірақ жеңіс оңайлықпен келмейтінін мойындады. 

«Рингке қайта оралғаныма қуаныштымын. Осы жекпе-жекке көп дайындалдым, 12 раундта аяқтаймын деп ойлап отырмын. Әрине, бұл жекпе-жек оңайға соқпайтынын білемін, бірақ мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамын», — деді «Канело».

Алайда Головкин өзіне және жеңісіне сенімді екенін қарапайым түрде айтып, қатты мәлімдеме жасамады.

«Біріншіден, залда жиналған барша жанкүйерлеріме амандасып алайын. Мен осында болғаныма қуаныштымын. Соңғы кездесуден кейін төрт жыл өтті. Бұл кездесудің уақыты келді. Менің ойымша, бұл тарихи күн. Өзімді жайлы, күшті сезінемін. Жеңіске жетуге дайынмын.

Жеңіске жететініме сенімдімін, өз командамның, жанкүйерлерімнің сенімін ақтауға дайынмын. Екеуіміз де кәсіби спортшылармыз. Есте қаларлықтай жекпе-жек өткіземіз деп ойлаймын», — деді Головкин.

Казахстан задает цифровую повестку: Саудовская Аравия объявила Год искусственного интеллекта

Президент Касым-Жомарт Токаев объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта...

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған...

Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге...

Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы

Қазақ тілі — қазақ халқының рухани байлығы, алтын қазығы,...

Төтенше жағдай қызметінің маңызы

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде төтенше жағдай қызметінің рөлі ерекше....