Ғылымның іргетасы білім ордаларында қаланады

«Адамның шын мәнісіндегі нағыз артықшылығы – ғылымда» деген екен неміс ойшылы Иоганн Вольфганг фон Гёте. Дәл осы сөздің дұрыстығына қазір анық көзіміз жетіп отыр. Бүгінде ғылыми жетістігі мол, ғылыми ізденістері өмірлік қажеттілікке айналған елдердің ұпайы түгел. Сіз бен біз тіршілік етіп отырған заман пайдалы қазбалар мен жер байлығына арқа сүйеп күн кешуге болмайтынын баршамызға ұқтырды. Содан болар, ертеңін ойлайтын, мемлекеттің келешегіне алаңдайтын елдер ғылымға, ғалымдарға қолдауға көңіл бөлуде. Себебі ғылымдағы озық жаңалықтарымен әлемді мойындатқан елдер өркениеттің көшін бастап отыр.
Адам ғалым болып тумайды. Ғылымның тың иірімдеріне түрен салып, жаңалықтар ашу үшін ізденімпаз, ойшыл, еңбекқор, жаңашыл жастардың шоғырын қалыптастыра білу қажет. Бұл мәселеге жоғары оқу орындарында да айрықша көңіл аударылған. Соның жарқын мысалы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоғары білім берудің күретамыры саналатын қара шаңырақта жастарды ғылымға баулуға ұдайы назар аударылады. Сонымен бірге ғылыми ізденістер жасауға қабілеті бар жастарды ынталандыру да күн тәртібінен түскен емес. Әйгілі орыс ғалымы Дмитрий Менделеевтің «Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады» деген қанатты сөзі біздің білім ордамыздың қағидасымен үндес. Осы тағылымды тіркесті бағдар еткен білім ордамыз ғылымды дамытатын жастар санын көбейту үшін университет құрамына білікті ұстаздарды, талантты ғалымдарды тартуға ден қойған. Ғылымның қыр-сырын түсінген ұстаздар қауымы білімді шәкірт дайындауда алдыңғы шепте жүр. Ұстаздардың қолдауына сүйенген шәкірттер ғылымның көпшілікке беймәлім қырларын зерттеуге, жаңа дүниелерді жасауға талап жасауда.
ХХІ ғасыр – серпінді технологиялар мен керемет инновациялардың уақыты! Осы кезде дарынды жастарымыз ғылымның құпия қырларына үңіліп, оны табыс көзіне айналдыруға бел шешіп кірісіп жатыр. Жыл сайын тіркелген ғылыми жаңалықтардың көптігі еліміздегі ізденістердің тоқтаусыз жалғасып жатқанын дәлелдейді. Соған орай ғалымдарды қолдауға және зерттеу жұмысы үшін бірінші дәрежелі жағдайлары бар ғылыми орталықтар құру бойынша жұмыстар жасалып жатқаны қуантады.

Сания Едильбаева,
философия ғылымдарының докторы, доцент.
Ербол Сырбаев,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия мамандығының 1-курс докторанты

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...