12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҒАЛЫМДАР ЖИНАЛҒАН ҒАЛАМАТ

Қазақтың маңдай алды тұлғаларының бірегейі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Халық пен халықты теңестіретін – білім мен ғылым» деп тұжырымдағанындай бүгінгі күні білім ұлттық құндылық ретінде адамзат баласының өркениеттілікке жетелейтін бірден бір құралы ретінде сұранысы барған сайын артып келеді. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлемдік білім кеңістігінде ортақ мәселелерді бірігіп шешу, оңтайлы мәмілеге келу азамзат қоғамындағы ғылымның міндетіне айналды. Осындай кезекті құбылыс 2024 жылдың 4-5 сәуір күні Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінде орын алды. Онда «Жаһандану дәуірінде студенттердің мәдениетаралық карым-қатынасын қалыптастырудың психологиялық аспектілерін қалыптастыру» тақырыбында Халықыралық ғылыми-конференцияның өтуі осының айғағы.

Конференция Халықаралық деп аталғанымен Планетарлық деңгейде өтті деуге әбден тұрарлық. Өйткені, ғылыми әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар(АҚШ, Қытай, Алжир, Ресей, Түркия, ТМД елдері ғалымдары)  офлайн және онлайн режимде қосылып бүгінгі студенттер, ертеңгі маман ретінде мәдениетаралық қарым-қатынас сапаларын қалыптастыру мәселесі бойынша тәжірибе алмасты.

Конференцияның барысында сырт көзге байқалып тұратын көптеген құбылыстарды атап көрсеткім келеді. Ең алдымен университеттегі білікті мамандардың болуы. Ол университет мәртебесін асырып, маман даярлаудағы сапаны қамтамасыз етумен қатар, оқу орының бәсекелестік деңгейін де көтереді. Осы орайда, конференцияның ұйымдастырушысы ретінде п.ғ.д., профессор Баубекова Гүлзамира Жораевнаның кәсіби біліктілігі мен Халықаралық деңгейдегі ғылыми қарым-қатынасын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, университеттегі кафедра меңгерушілері мен университет басшыларының аталмыш іс шарадағы ұйымшылдағы және ауызбірлігі баршаға үлгі боларлықтай. Жас мамандардың жауапкершілігі мен өзара түсіністігі өз алдына бөлек.

Іс-шараның ұйымдастырылуындағы басты көзге түсетін тағы бір көрініс, оның ұлттық нақыштағы мәдениетаралық қарым-қатынасқа еркін ортаны қалыптастыра алу мүмкіндігінің болуы еді. Егемендігіміздің көрінісі ретінде жастардың ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен дәстүрлі қонақты қарсу алу мәдениетінің көрінуі шет ел азаматтарына ерекше әсер берді деп ойлаймын. Шетелдік қонақтардың, соның ішінде түркі әлемінен келген ғалымдардың(Татарстан, Башқортсан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Азербайжан, Калмықия және т.б.)  ұлттық киімде келуі мен өз тілдерінде құттықтаулары конференция жұмысына аса бір рең беріп, мәртебесін көтеріп тастады. Мұндай ұлтаралық сабақтастық пен интеграциялық байланыс жастардың ұлжандылығы мен патриоттық сезімін оятады және өсуге деген құлшынысын арттырады.

Үшінші, атап өтуге лайықты көрініс конференция жұмысының көптілділігі еді. Еліміздегі ғылым сүйер қауымның бірнеше тілді меңгеруі мен ол тілдерде еркін баяндама жасай алуы біздің жоғары оқу орындарындағы ғылыми потенциалдың жоғарылығы мен жастар әлеуетінің соған сай келуін көрсетеді.

Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары тарапынан болған ынтымақтастық қарым-қатынас пен кәсіби байланыс қазақ ғылымының әлемдік деңгейде дамуына түрткі бола білді деп түсінемін. Бұл әсіресе, шараға қатысып отырған студент жастардың болашақ маман ретіндегі кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық мәдениетінің қалыптасуына үлкен тәжірибе және  ғылыми алаң болмақ. Осындай шаралар болашақ жас ғалымдарға көкейінде жүрген идеялары мен бастамаларын іске асыруда жол ашпақ.

Университет қабырғасында еңбек етіп жүрген білікті мамандар мен жас ғалымдарға осынау игі істерінің жемісін жоғары бағалай отырып, алдағы ғылыми-шығармашылық жұмыстарында мол табыстар тілеймін. Ал, университет басшыларына ғылыми кадрлар мен болашақ маман даярлауда  мол жетістіктер тілеймін. Қашанда ғылым мен білім саласында тың әрі соны идеялар таусылмасын және халықаралық байланыста жолдарыңыз ашық та абыройлы болсын дегім келеді!

Атемова Қалипа Тұрсынқызы

Педагогика ғылымдарының докторы,

 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің профессоры

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...