Ghetto Dogs Алматы облысының колониясына барды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне Ghetto Dogs тобының қатысушылары келді.

Заречный кентінде орналасқан түрме сахнасында танымал рэперлердің хиттері шырқалды.

«Колонияға келіп сотталғандарға әндерімізді орындап, біз жігіттерге қолдау көрсетіп, оларға көңіл-күй сыйлауды шештік. Баршаларына өз отбасыларына аман-есен оралуын тілейміз», — деп атап өтті белгілі қазақстандық рэперлер.

Концерт көрермендердің қошеметіне бөленді, әсіресе Ghetto Dogsтың «Тателер» хиті. Қиын өмір тақырыбындағы әндермен және әзілмен жазылған рэптен шабыттанған сотталғандар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен эмоциялар мен әсерлермен бөлісті. Айтылған композицияларға ешкім бей-жай қарамады. Өз кезегінде сотталғандар қонақтарға өз шығармаларындағы әндердерді домбырамен орындады.

«Бұл іс-шаралар қоғамнан оқшауланған сотталғандарды рухани тәрбиелеу және әлеуметтік деңгейін арттыру үшін өткізіледі. Осылайша, біз сыртқы әлеммен байланыстарын үзбей, мәдени құндылықтарға қол жеткізуге көмек береміз», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...