12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Германияда локдаун тағы ұзартылды

Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды. Алайда кейбір шектеу жеңілдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешімді Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федерал аймақ басшысы 3 наурызда өткен кездесуде шығарды.

«Кейбір шектеу 8 наурыздан бастап алып тасталады. Кітап және гүл дүкені, бау-бақшаға арналған заттар дүкені, сұлулық салондары, көлік жүргізуді үйрететін мектептер мен пилоттық мектептер ашылады», — деп хабарлайды басылым.

Жеке кездесулер мен жиналыстарға қойылатын шектеулер де жеңілдейді: 14 жасқа дейінгі балаларды есептемегенде, екі отбасында бес адамға дейін кездесулерге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, келесі аптадан бастап әр азамат аптасына бір рет коронавирусты анықтайтын сынаманы тапсыруға мүмкіндік алады, барлық шығынды федерал органдар көтереді.

Қаладағы азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да мекеме жабық күйінде қалады.

Бұған дейін Германия үкіметі коронавирус мутациясына байланысты Чехия, Словакия және Аустрияның кейбір аймағымен шекарадағы бақылауды 17 наурызға дейін ұзартты.

Айта кетейік, Германияда коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмікін екенін хабарлаған еді.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...