Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады

WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды. Бұл қызметті қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев атқарған болатын, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. Геннадий бұл лауазымға жалғыз үміткер болғанын ескере кеткен жөн.

Ассамблеяда Тимур Құлыбаев өкілетін тоқтатқанын жариялады.

Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен. Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.