Гендірлік теңдік – демократиялық қоғамның негізі

Қазіргі таңда әлемде гендерлік мәселелерге, яғни ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері қағидатына ерекше көңіл бөлінуде. Гендерлік мәселені шешу нарықтық өзгерістер жолына түскен тәуелсіз мемлекеттер үшін аса өзекті болып табылады.

Гендерлік саясат – қоғамдағы ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Бұл саясаттың басты мақсаты – жынысына байланысты кемсітушілікті жою және барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.

Қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Мемлекетімізде гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі функциясы – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» деп аталатын кешенді мемлекеттік саясатты жүйелі түрде іске асыру.

Соңғы жылдары Қазақстанда гендерлік теңдік саласында белгілі бір оң өзгерістер байқалуда. Әйелдердің кәсіби мүмкіндіктері кеңейіп, Парламентте әйелдерге арналған квоталар енгізілді, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі ұзартылды. Бұл өзгерістер еліміздің гендерлік даму саласындағы халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Дегенмен, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, әйелдердің саяси қатысу деңгейі әлі де төмен болып отыр. Бұған негізгі себептердің бірі – әйелдердің мансаптық өсуі мен қоғамдық-саяси өмірге араласуына кедергі келтіретін қалыптасқан гендерлік стереотиптер.

Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі тиіс осы демократиялық жолды ұстана бастады. Содан бері экономикалық еркіндік үшін тең мүмкіндіктерді пайдалану, билік құрылымына әйелдер мен ерлердің бірдей қатысуы, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштер бостандығы, қоғам дамуында әйелдердің рөлін дамыта беру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып отыру – біздің еліміздегі гендерлік саясаттың бірегей міндеттері.

Гендерлік саясаттың тиімді жүзеге асуы қоғамның дамуына оң әсер етеді. Тең құқық пен өзара құрмет орнаған ортада әлеуметтік тұрақтылық күшейіп, экономикалық даму да артады.

Қорытындылай келе, гендерлік саясат – әділетті әрі тең қоғам құрудың маңызды негізі. Әрбір адамға тең мүмкіндік беру арқылы мемлекет қоғамның болашағын нығайта алады.

Меңдеш Әсемай Айдынғалиқызы, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...