12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр. Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Оны жүзеге асыру демократияға қол жеткізудің, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтып, қоғамды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі деуге болады. 

Ммелекеттік саясат еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мемлекетте демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінде қазақстан үкіметі әйелдердің саясатқа араласуына, олардың жай ғана саясатпен айналысып қана қоймай, шешім қабылдау деңгейінде араласқанына мүдделі болып отыр. Өйткені бұл – уақыт талабы. Қазақстанның Конституциясы да адам­ды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады.

2019-2023 жылдар аралығында 85 мемлекет төмен және өте төмен дең­гейдегі гендерлік теңсіздік нәти­желерін көрсеткен. Дамушы елдер мен дамыған елдердің ара­сын­дағы алшақтықтың азайға­ны қуантарлық жайт. Соған қарамастан дүниежүзі бойынша әйелдердің 40%-ы әлеуметтік дискриминация деңгейі жоғары немесе өте жоғары елдерде өмір сүретіні өкінішті. Ғалымдардың айтуынша, заңнамаға қарағанда қоғамның дискриминациялаушы ұстанымдарын өзгерту әлдеқайда көп уақыт алады. Елімізде 2009 жылдың 8 желтоқсанында ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданған болатын. Осы заңның 9-бабында ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуінің кепілдіктері туралы арнайы нормалар қарастырылған. Соған сай, мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Оған қоса, мемлекет мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең әріптестік қатынастарының сақталуын қамтамасыз етеді. Мәселен қазір еліміздің сот жүйесінде әйел судьялардың үлес салмағы айтарлықтай өсіп келеді.

Дегенмен салада әлі де болса мәселелер бар. Гендерлік теңсіздікті жоюды жылдамдату үшін барлық тарап­тар, яғни саяси шешім қабыл­дау­шылар, халықаралық ұйымдар, жеке сектор, ғалымдар қауымы және азаматтық қоғам өкілдері атса­лысуы шарт.

Киянбекова Асель Ерлановна, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...