12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат жөнінде түрлі-түрлі бастамалар, жобалар қолға алынды. О баста гендерлік теңдік саясатына үрке қараған еліміз қазір бұған үйренісе бастады. Сондықтан жыл сайын қоғамымызда әйелдердің белсенділігі артып келеді. Тіпті саясат сахнасында жүрген әйелдердің де қарасы көбейіп келе жатқанын байқап отырмыз.

Осы мәселеге орай пікірін білдірген мемлекет басшысы «Мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанына қарамастан, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды. Өз тәжірибемнен білетінім, әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің статистикасы соған меңзейді. Саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалады. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек. Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн, – деген болатын. Демек алдағы уақытта еліміздің саяси өмірінде әйелдердің орны арта түспек. Бұл тұрғыда еліміз дәйекті гендерлік саясат жүргізуде деп айта аламыз.

Жақында ғана Президентіміз тағы бір сөзінде «Кейінгі кезде елімізде әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімі жойылды, сайлау квоталары енгізілді, ішкі істер органдары жүйесінде әйел құқықтарын қорғау жөніндегі арнаулы бөлімдер құрылды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз» деп гендерлік теңдікке қатысты өз ойын бірдірген болатын. Жалпы еліміз гендерлік саясатта дұрыс бағытта келе жатыр деп айта аламыз.

Өйткені гендерлік теңдік – Біріккен Ұлт­тар Ұйымының 2030 жылға дейін­гі тұрақты даму мақсаттарының бірі. Себебі қазіргі әлемде бұл фактор – кез келген елдің өркендеуі мен табысты экономикалық және саяси дамуының негізі.

Г.М.Биназарова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...