12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды әйелдер қауымының құқығы мен олардың орны қандай деген сұрақ келеді. Алайда, гендерлік теңдіктің ауқымы бұдан әлдеқайда кең және оның саяси мәні де зор. Кез келген мемлекет үшін әйел мен ер-азаматтың әлеуметтік ортадағы орнын тең ұстап, жалпы қоғамды сол қалыптан айнытпай алға жылжыту аса маңызды. Бүгінгі күні, басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.

Әлемдік тәжірибе гендерлік мәселелер көптеген елдерде мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын көрсетіп отыр. Халықаралық қоғамдастық гендерлік теңдік саласындағы рейтингтерді үнемі қадағалап отырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.2016 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Еліміздің Ата заңы – Конституцияның 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

ҚР  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді.

Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

      Мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тепе-тең құқықтарға, пайдаға, міндеттер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру болып табылады.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті. Қазақ елінің адам құқықтары бойынша көптеген халықаралық шарттарға қосылуының өзі гендерлік саясаттың бұдан әрі дұрыс жүргізудің алғышарты деуге болады.

Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің

жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...