Гендерлік теңдік пен өзара түсіністік

Қазіргі қоғамның дамуы гендерлік теңдік ұғымымен тығыз байланысты. Гендерлік теңдік – ерлер мен әйелдердің құқықтары, мүмкіндіктері және міндеттері тең дәрежеде қарастырылатын әлеуметтік қағида. Бұл тек заң жүзіндегі теңдік емес, сонымен қатар қоғамдағы көзқарастар мен мәдени құндылықтардың өзгеруін талап ететін маңызды үдеріс.

Гендерлік теңдік ұғымы, сондай — ақ жыныстық теңдік немесе ерлер мен әйелдердің теңдігі деп те аталады, бұл жынысына қарамастан ресурстар мен мүмкіндіктерге, соның ішінде экономикалық қызметке қатысуға және шешім қабылдауға тең қол жетімділікті қамтамасыз ететін жағдай; және жынысына қарамастан әртүрлі мінез-құлық моделі, ұмтылыс және қажеттіліктер бірдей бағаланатын жағдай

Гендерлік теңдік — бұл ерлер мен әйелдердің, содай-ақ гендерлік сәйкестіліктің әр түрлі формаларына ие адамдардың қоғамда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуы. Бұл теңдік саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардан көрініс табады.  

Әйелдер мен ерлердің тенсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарты жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік теңсіздік елдің, азаматтық қоғам институтарының, жергілікті өзін өзі басқарудың әлеуметтік-саяси дамуын тежейді. Осыған орай, гендерлік теңдікке қол жеткізу және гендерлік теңдік саясатын жасау әдістері мен жолдары сипаталады.

Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін ең алдымен өзара түсіністік қажет. Өзара түсіністік – адамдардың бір-бірінің пікірін, сезімін және өмірлік жағдайын құрметтеп, қабылдай білуі. Егер қоғам мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, тең мүмкіндіктерді мойындаса, онда әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу әлдеқайда жеңіл болады.

Өкінішке қарай, кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін гендерлік стереотиптер сақталған. Мысалы, ер адам тек асыраушы, ал әйел тек үй шаруасымен айналысуы керек деген түсініктер кең таралған. Мұндай көзқарастар жеке тұлғаның дамуына кедергі келтіріп, қоғамның толыққанды дамуына тосқауыл болады. Сондықтан білім беру жүйесінде, отбасында және бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік теңдік туралы дұрыс түсінік қалыптастыру аса маңызды.

Өзара түсіністік гендерлік теңдікті нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Ерлер мен әйелдер бір-бірінің мүмкіндіктерін шектемей, керісінше қолдау көрсетсе, қоғамда үйлесімділік пен тұрақтылық орнайды. Әсіресе жұмыс орнында, отбасында және қоғамдық өмірде тең құқық пен өзара сыйластықтың болуы – табысты қоғамның белгісі.

Қорытындылай келе, гендерлік теңдік пен өзара түсіністік – заманауи қоғамның басты құндылықтарының бірі. Бұл қағидаларды сақтау арқылы біз әділетті, бейбіт және дамыған қоғам құра аламыз. Әрбір адам өз әрекеті арқылы теңдік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуы тиіс.

Т.И.Алдабергенов, Жезқазған қаласының

мамандандырылған  тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...