Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады. Магомед Адиев жаттықтыратын құрама Афинада Грекия құрамасынан 5:0 есебімен ұтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойынды алаң иелері ширақ бастады. 9-минутта нидерланд төрешісі Бағдат Каировтың ереже бұзғанын нұсқап, пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добынан құрама капитаны Анастасиос Бакасетас мүлт кетпеді. Араға 6 минут сала Димитриос Пелкас есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші тайм аяқталғанға дейін алаң иелері тағы екі гол соғып үлгерді. 37-минутта Фотис Ионнадис, 40-минутта Димитриос Курбелис өз еншілеріне бір-бір голдан жазды. Бұл Грекия құрамасының ойындағы айқын басымдығын айғақтай түсті.

Қазақстан құрамасының бірінші таймдағы қауіпті шабуылының бірі – Ислам Чесноковтың шабуылы. Оның алыстан тепкен добы алаң иелері қорғаушысының аяғына тиіп, қақпа бағанына кері серпілді.

Екінші таймды Магомед Адиев шәкірттері шабуылмен бастады. Алайда шабуыл болғанмен, гол соғар сәт болмады. Гректер қорғаныста мығым, шабуылда ширақ ойнады. Ойын аяқталар тұста екінші таймда алаңға шыққан Еркін Тапалов өз қақпасына автогол соқты. Осылайша Грекия құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.