FlyArystan Оралға ұшатын рейстерді тоқтатты

Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Шектеудің себебі Орал әуежайының хабарламасында, ұшып/қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқындылығына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында орнатылды, деп көрсетілді», — делінген хабарламада. 

Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа ішкі бағыттар бойынша тегін қайта брондауды ұсынады. Барлық жолаушыларға билет сатып алу кезінде көрсетілген sms пен электронды пошталарға жеке хабарламалар жіберіледі.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...