FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты 

FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызға дейін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, аталған шешім қауіпсіздік ахуалына байланысты қабылданған. Осы бағыттағы барлық рейстер уақытша кестеден алынып тасталды.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, күші жойылған рейстердің жолаушыларына билет құны толық көлемде айыппұлсыз қайтарылады. Қаражатты қайтару рәсімі билетті қай жерде рәсімдегеніне қарай жүргізіледі.

Ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы билет алған жолаушылар броньға өзгерістерді өз бетінше онлайн енгізе алады. Ал туристік агенттіктер мен өзге де сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша жолаушылар сол орындарға жүгінуі қажет.

FlyArystan мәліметінше, бағыттағы рейстер қауіпсіздік жағдайы тұрақталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.

Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді.

Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген.

Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді.

Қазақстандағы көпбалалы аналар: Елде қанша «Алтын алқа» иегері бар 

Қазақстан өңірдегі туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары әрі көпбалалы отбасылар саны тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып қала береді.

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

9 мамыр - Жеңіс күні. Мерекеге орай Қазақстан азаматтары...