Алматыда жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын 5 мыңнан астам нысан бар 

Алматыда жүргізілген сейсмологиялық зерттеу нәтижесінде мыңдаған ғимараттың жер сілкінісіне төтеп бере алмайтыны анықталды. Қала әкімдігіне қарасты Сәулет және қала құрылысы басқармасының BAQ.KZ редакциясына берген ресми жауабына сәйкес, 2017-2024 жылдары жүргізілген екі кезеңдік паспорттау барысында жалпы 5 663 нысан сейсмотұрақсыз деп танылған.

Басқарманың мәліметінше, зерттеу Президенттің тапсырмасы мен елдің сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту жөніндегі жол картасы аясында жүргізілген. Осы мақсатта Алматыдағы ғимараттарды тексеру үшін «ҚазҚСҒЗИ» акционерлік қоғамымен арнайы келісім жасалған.

Соңғы екі жылда тағы мыңдаған қауіпті нысан анықталған

Ресми жауапта 2023-2024 жылдары Алматыда 10 916 нысан зерттелгені айтылған. Оның ішінде 2 562 нысан сейсмотұрақсыз деп танылған.

Әкімдік жауабына сүйенсек, қауіпті деп танылғандардың қатарында:

  • 408 көппәтерлі тұрғын үй;
  • 2 154 қоғамдық және азаматтық ғимарат бар.

Сондай-ақ тектоникалық жарықтар аймағында орналасқан 920 нысан анықталған. Оның 215-і тұрғын үй болса, 705-і қоғамдық ғимараттар.

Бұған дейін де 3 мыңнан астам нысан қауіпті деп танылған

Құжатта 2017-2018 жылдары жүргізілген алғашқы кезеңнің нәтижелері де келтірілген. Ол кезде 10 525 нысан тексеріліп, 3 101 ғимарат сейсмотұрақсыз деп танылған.

Олардың ішінде:

  • 2 538 көппәтерлі тұрғын үй;
  • 743 қоғамдық-азаматтық ғимарат болған.

Осылайша, екі кезеңнің қорытындысы бойынша Алматыда жер сілкінісіне төтеп беруі күмән тудыратын 5 663 нысан анықталып отыр.

Әкімдік мәліметінше, паспорттау нәтижелерінен кейін 2017-2024 жылдары аралығында 82 нысанға ғана сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілген.

Олардың ішінде:

  • 64 білім беру нысаны;
  • 16 денсаулық сақтау нысаны;
  • 2 әкімшілік ғимарат бар.

Басқарма «паспорттау жұмыстары толық аяқталғанын» және барлық қорытынды материалдар тиісті органдарға тапсырылғанын хабарлады.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.