Сотталғандардың өзара сенімін, түсінушілігін, эмоциялары мен сезімдерін білдіре білуін қалыптастыру, стресстік жағдайлармен күресу тәсілдері және жеке ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінде сотталғандармен бірлесіп «Феникс» атты психологиялық клуб құрылды.
«Феникс» — қайта туылуды, азаттықты бейнелейді және адамды мақсатына жетіп, дұрыс бағытта қозғалуға көмектесетін идеялар жасауға ынталандырады.
Психологиялық клубтың құрамына психологияға, әлеуметтік білімге қызығушылық танытатын, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тану мақсатын қойған сотталғандар кірді. Осылайша 15 адамнан тұратын 2 топ құрылды.
Психологиялық клубпен қиындықтарды жеңуге, ішкі қорқыныш пен жанжалдарды пысықтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді, сондай-ақ тренингтер барысында сотталғандар өз сезімдерін еркін білдіруге, өмірлік басымдықтарды дұрыс қою үйретілді. Жұмыс барысында сотталғандар пікірлес адамдарды тауып, бір-біріне қолдау көрсетті, өз тәжірибелерімен бөлісті, бұл көбінесе басқа адамға өмірлік мақсатарына басқа көзқараспен қайта қарауға көмектеседі.
Клубта сыпайылықты, төзімділікті және ізгі ниетті сақтау сияқты бірқатар ережелер енгізілді, сонымен қатар кездесулердің мазмұны тек танымдық сипатта болуы керек.
СҚО бойынша ҚАЖД
№48 мекемесінің СТжӘПЖБ
инспектор-психологы
әділет аға лейтенанты
Д. Таженова


