12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Фараби-1150: әл-Фараби ілімі қазіргі аламағайып заманда да өзекті – ректор

Арада 11 ғасыр өтсе де әл-Фараби ілімінің дәл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті әрі қажет екеніне көзіміз жетіп отыр.

Бұл туралы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресим ашылуында айтты.

Жиын барысында ректор сөз сөйлеп, ұлы философ, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемде оның есімімен аталатын университеттен басталғаны зор қуаныш әрі үлкен мәртебе екенін айтып өтті. Мерекелік шара «Әл-Фараби орталығының» салтанатты тұсаукесері мен әдебиет және мәдениет саласының қайраткерлеріне Елбасының мемлекеттік спипендиясын тапсырудан басталып, университеттің бас алаңындағы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ұласты

Арада 11 ғасыр өтсе де әл-Фараби ілімінің дәл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті әрі қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Жер бетінде кемел, әрі мінсіз қоғам орнатуды Платоннан бастап небір ойшылдар армандап өтті және оның жолдарын іздеді. Солардың іздерін жалғастырған Әбу Насыр әл-Фарабидің айтуынша, адамзат келеңсіздіктері және зұлымдықтарды болдырмаудың жалғыз жолы – ол қайырымдылық, қайырымды қоғам құру,-деді ректор.

Сонымен қатар, ол әл-Фараби «адамның ең асыл қасиеті оның ақыл, парасатында және ол адамзаттың бақытқа жетуіне қызмет етуі тиіс» деген ойды айта келе «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» — деп қорытынды жасағанын ерекше атап өтті.

Бұл әсіресе білім саласы, оның ішінде университеттер үшін өте маңызды қағида. Өйткені қазіргі заманғы университеттердің міндеті тек қана кәсіби мамандар даярлап қана қоймай, жоғары адами қасиеттерді бойына сіңірген ел және әлем азаматтарын қалыптастыру,-деді Ғ. Мұтанов.

Ректор сондай-ақ, әл-Фараби ілімін және есімін насихаттау мақсатында университет тұңғыш қазақстандық әл-Фараби1 және әл-Фараби2 наноспутниктерін ғарышқа шығарғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Елбасының және мемлекет басшысының қолдауымен Әл-Фараби ғылыми-технологиялық орталығы атты жаңа жобаны қазір қолға алудамыз. Ұлы ойшылдың мерейтойы қарсаңында біздің студенттер әл-Фарабидің ілімін елімізде және әлемге тарату ниетімен әҚайырымды қоғамә атты заманауи челенджді бастап кетті,-деді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: автордан

Закон есть, а контроля нет

Депутат фракции «AMANAT» Нартай Сарсенгалиев направил на имя Премьер-Министра...

Принятие эпохального закона 

Фото из книги Салыка Зиманова «Конституция и Парламент РК», издательство «Жеті жарғы», 1996 год

Цена экономической независимости

Предлагаем вниманию читателей продолжение интервью с доктором экономических наук,...

 Уважаемые читатели и коллеги! 

От имени Союза судей Республики Казахстан поздравляю вас с...

Опасные игры

Медики говорят, что болезнь легче предупредить, нежели лечить. Так...