Еуроодақ санкциясына іліккен қазақстандық компаниялар туралы не белгілі?

Еуропалық одақтың санкциялық тізіміне екі қазақстандық компания іліккен. Олар туралы не белгілі екенін Сауда және интеграция министрлігі айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде Сауда министрлігі Еуроодақтың 16-санкциялық пакетіне екі қазақстандық компания: «МеталлСтан» ЖШС мен KAZSTANEX ЖШС енгізілгенін хабарлады.

«Қазақстандық компаниялардың ЕО санкциялық тізіміне ілігуі олардың Еуроодақ аумағындағы активтерінің (бар болған жағдайда) бұғатталуына, сондай-ақ ЕО-дағы жеке және заңды тұлғалармен қаржылық операциялар мен сауда жасауға тыйым салынуына алып келеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Сауда министрлігі, Еуропалық одақтың мәліметі бойынша, бұл кәсіпорындар санкцияға ұшыраған тауарларды Ресейге жеткізуге қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті. Министрлік баспасөз қызметі бұл компаниялардың ЕО санкциялық тізіміне енгізілуі Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін мәлімдеді.

KAZSTANEX ЖШС-нің бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар, оның кеңсесі Ташкентте (Өзбекстан) бар. Компания Қазақстан нарығындағы станоктық және өнеркәсіптік жабдықтарды өндіретін жетекші әлемдік өндірушілердің бірі болып табылады.

Ашық дереккөздерге сәйкес, «МеталлСтан» ЖШС 2012 жылдың мамырында тіркелген және әртүрлі тауарлардың көтерме саудасымен айналысады. Компанияның салық төлемдері 2023 жылы 9,29 миллион теңге, ал 2024 жылы 6,4 миллион теңге болған.

Айта кету керек, 2024 жылғы қазанда бұл компаниялар АҚШ пен Ұлыбританияның санкциялық тізіміне енгізілген.

Еске салайық, 24 ақпанда Еуроодақ Ресейге қарсы кеңейтілген 16-санкциялық пакетті қабылдады. Бұл пакет Ресей экономикасының маңызды секторларын қамтитын бірқатар шектеу шараларын енгізді. Тізімге 48 жеке тұлға мен 35 заңды тұлға енгізілген.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.

Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті.

Үш жылда қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өзгерді? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды. Сайлауға қатысқандардың саны 74%-дан асты, ал сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден өтті.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.