Этика жөніндегі уәкілдердің қызметі: рөлі, функциялары және заманауи ұйымдастырушылық мәдениеттегі маңызы

Басқару процестерінің күрделенуі мен ашықтық пен жауапкершілік талаптарының артуы жағдайында әдеп жөніндегі уәкілдер институты корпоративтік және мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды элементіне айналып келеді. Әдеп жөніндегі уәкіл – ұйымдағы жоғары мінез-құлық стандарттарын қалыптастыруға және сақтауға, даулы жағдайлардың алдын алуға, қызметкерлер, басшылық және сыртқы серіктестер арасындағы сенімді нығайтуға көмектесетін маман.

Әдеп  жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті – этикалық нормаларды сақтау формальдылық емес, корпоративтік мәдениеттің нақты бөлігіне айналатын ортаны қалыптастыру.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, мүдделер қақтығысы, ресурстарды тиімсіз пайдалану және өзге де теріс әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен этикалық мінез-құлыққа арналған оқыту іс-шаралары мен тренингтер ұйымдастырады.

Кәсіби этикалық бақылау механизмі қызметкерлер мен қоғам тарапынан сенімді арттырады.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі формалды бақылау ғана емес, сонымен бірге ұйымның тұрақты және тиімді дамуына, тәуекелдерді болдырмауға, жоғары мінез-құлық стандарттарын қолдауға мүмкіндік беретін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұржан Узбехановпен әдеп жөніңдегі уәкілдердің үлгілік жоспарыфна сәйкес, а.ж. 10 желтоқсан күні мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтармен төмендегі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулер;
  • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау;
  • мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі;
  • ойын-сауық (құмар ойын) орындарын барудан бас тарту;
  • діни көзқарастарды басқаларға таңбау;
  • қоғамдық орындарда мас күйінде болдырмау;
  • кемсітушілікке жол бермеу және басқа да талаптар.

Қазіргі жағдайда әдеп жөніндегі мамандардың рөлі артып, олар сенім, адалдық және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үдерісінің маңызды қатысушыларына айналуда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша
Департаменті басшысының орынбасары Н. Узбеханов

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...