Ет экспортына неліктен тыйым салынғаны белгілі болды

Қазақстанда ет экспортына қойылған шектеулердің салдары фермерлерге әсер етуі мүмкін. Бұл мәселе Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде өткен отырыс барысында көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында сенатор Ольга Булавкина бірқатар мәселені алға шығарды. Айтуынша, мемлекеттік органдар ет экспортына тыйым салу немесе оны шектеу туралы шешім қабылдар кезде қандай нақты есептерге сүйенгені түсініксіз. 

Фермерлер бірнеше рет бұл шектеулер ет бизнесін аса қауіпті жағдайға әкелгенін ескерткен. Қазіргі таңда шаруалар малды жаппай союға мәжбүр болып отыр, соның салдарынан баға уақытша ғана төмендеді. Алайда нарықтағы бұл ет қоры таусылған соң, өнім жетіспеушілігі туындап, баға қайта өседі деген қауіп бар. Оның үстіне тірі малды экспорттауға толық тыйым салынған. Мұның себебін де сенатор нақтылауға тырысты.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан нақты нәтиже бермеген жағдайда экспортқа қойылған тыйымды ұзартқаны үшін жеке жауапкершілік кімге жүктеледі? – деп сұрады ол Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінен.

Бұл сауалға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев жауап берді.

Вице-министр бұл шешімді тек бір ведомство емес, бірнеше мемлекеттік орган кіретін ведомствоаралық комиссия қабылдағанын алға тартты.

Экспорт мәселесіне келсек, біз рұқсат етілген 20 мың тонна көлемін жеткілікті деп санаймыз. 2025 жылы барлығы 30 мың тонна ғана экспортталды. Сондықтан жарты жылға 20 мың тонна бөлу жеткілікті деп есептейміз. Мұндай ұсынысты Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізді, біз оны қолдадық, – деді ол.

Осылайша, Сауда министрлігінің өкілі жеке жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартты.

Сонымен қатар Ернұр Жәутікбаев экспортты шектеудің орынды екенін жеке байқауларына сүйене отырып түсіндіруге тырысты.

Қазір ет бағасы тұрақтады. Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар тауар ретінде ет бағасы өте жылдам өскенін көрдік. Бұл өсім тікелей өндіруші деңгейінде байқалды және экспорт көлемінің артуымен байланысты болды. Өте көп өнім сыртқа шығарылды, көрші елдерге үлкен көлемде әкетілді. Өткен жылы жазда өзім өңірлерді аралаған кезде бордақылау алаңдарының небәрі 40-50 пайызға ғана, тіпті одан да аз деңгейде толғанын көрдім. Бұл малдың шынымен елден шығарылып кеткенін көрсетті. Сол себепті осындай ортақ шешім қабылданды, – деді вице-министр.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?