Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Мен бұрын нашақорлық не екенін білмейтінмін. Жоғары сыныпқа көшкен соң мектепте өткен тәрбие сағатында да есірткінің зияны туралы мұғалім мол мағұлмат берді. Адам бойындағы сезгiштiктi жоғалтып, естен айыратын, қош исі бар шөптесін өсімдік. Ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялық зат. Есірткіге елітіп есі кеткен адам түрлі жат әрекеттерге баруы мүмкін екен.
«Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі» деген ТомасКарлейль. Денсаулық – баға жетпес асыл дүние. Әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп, сақтауы керек. Есірткі шегіп ессіз болғанша, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отырған абзал. Саламатты өмірді ұстану, жат қылықтан бойыңды аулақ ұстауға көмектеседі. Мектепте аптасына үш рет денешынықтыру сабағы өтеді. Жаттығу жасаймыз, спорттық ойындар ойнаймыз. Әр сабақ сайын ағайдың айтатыны, «таңертең ерте тұрып жаттығу жасау, таңғы асты тойып жеу, майлы тамақтарды азайтып, суды көп ішіңдер» дейді.
Мұғалімнің айтқандарын үйде орындауға тырысып жүрмін. Ата-анамызда телефонымызды жиі бақылайды. Ондағысы әлеуметтік желі арқылы жат қылықтарға бой алдырмасын дегені шығар. «Мектепке барғанда, қайтқанда бөтен адамдармен тілдеспе, олардан ештеңе алма» деп бізге алаңдайды. Тәртіп сақтауға жат қылықтан аулақ болуға үнемі шақырады. Бұның бәрі біздің жарқын болашағымыз үшін екені анық.
Көбіне балалар мен жасөспірімдер білместікпен шалыс басып қалады. Әлеуметтік желіде де өзіне пайдалы дүниені ғана қарап үйренуі керек. Мәселен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының инстаграм желісінде @upndpkzo парақшасы бар. Онда есірткінің қауіпті екенін, сақ болу қажеттілігі туралы мол мағұлмат жарияланған. Мектеп оқушыларына арнап түрлі шығармашылық байқаулар ұйымдастырады. Аталған парақшаға жазылғанбыз, акцияларға да белсенді қатысамыз.
Менің арманым − өмірде игі істерге болысып, жақсы нәрселерді көріп, асқақ армандарыма жету. Бұл жолда есірткінің маған және менің жақындарыма бөгет болғанын қаламаймын. Мен есірткіге қарсымын. Есірткісіз ғажайып өмірді таңдаймын. Барша замандастарымды, достарымды есірткіге мүлде жоламауға шақырамын.
#ЕсірткігеҚарсыБайқау
Іңкәр АМАНОВА,
Абай атындағы үш тілде
оқытатын дарынды балаларға
арналған мамандандырылған
сыныптары бар мектептің оқушысы,
Қызылорда қаласы